Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Ағзаларды тірі табиғат патшалықтарына жіктеу Сабақ мақсаты: • Ағзаларды тірі табиғат патшалықтарына жіктеу....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу Сабақ тақырыбы: Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару; Сабақ мақсаттары: • ромб, тіктөртбұрыш, шаршы анықтамаларын және олардың қасиеттері мен белгілерін білу; • ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілерін дәлелдеу; • параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілерін есеп шығаруда қолдану......
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71- шi орында. Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “…құқықтары мен бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар ұйымының мүшесi, ....
Экономикалық реформа жағдайында Қазақстанның несие - ақша және қаржы шаруашылығы елеулi құрылымдық өзгерiстерден өтуде: ақша - несие жүйесi қалыптасуда, несие – қаржы институттарының жаңа түрлерi пайда болуда, нарықтық экономикаға сай екi деңгейлi банктiк жүйе және көп мағыналы меншiк; әкiмшiлiк және жоғары монополиаландырылған мемлекеттiк банктiк құрылымнан динамикалық, икемдi, жеке және коллективтi меншiк несие мекемелерi жүйесiне негiзделген, комерциялық жетiстiктерге бағытталған пайдаға негiзделген құрылымға өттi . Банк iскерлiгiнiң мәнi оларды басқа органдарда өзгешелендiретiн белгiлi бiр функцияларды орындауына көрiнедi. Банктiк қызметтердi банктiк клиенттi қызықтыратын белгiлi бiр әрекеттердi орындауы деп сипаттауға болады. Кез-келген банк өнiмi негiзiнде қандай да бiр қажеттiлiктi қанағаттандыру қажеттiгi жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қолдау біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек » деп айта кетті. ....
Сабақтың мақсаты: қағаздан бұйымдар жасау туралы мәлімет беру. Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту. Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру. Тәрбиелік: адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сарамандық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, желім, қайшы, торғайлар, көбелектер, бейнесөз, жұмбақ. Пән аралық байланыс: еңбек, дүниетану, тіл сабағы .....
Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты қарастырылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Қазақстан — демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократия-лық мемлекет ретінде сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституцияның мазмұнынан және мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм формальды түрде, яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін. Демократизм формальды түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі кепілдіктермен қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократшылық әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі, Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады. Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді: Конституцня азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерін, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың заңды мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын демократиялық нормаларды белгілейді ....
Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері. Сабақ тақырыбы: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Көне қалалар. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату Сабақ мақсаттары: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақ құрастырады; сұрақтарға жауап береді; туынды сөздерді табады.....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елтану және саяси география негіздері Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері бағыттары және бастамалары №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.6.1.6 Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды Сабақтың мақсаты: Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын анықтау, талдау.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіреді Мақсаттары: металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар. Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды. Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады. Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....