Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер. Сабақтың тақырыбы: Дағдыларды қалыптастыру сабағы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: • Мәтінмен танысып, идеясын табу; Көптеген оқушылар: • Мәтіннен ақпараттарды анықтау; Кейбір оқушылар: • Мәтіндегі негізгі ақпаратты ажырату.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақтың мақсаты: Тәуке ханның мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау.
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Лоренц күші Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдану және магнит өрісінің тогы бар өткізгіш пен қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге әсерін сипаттау......
28 маусым,яғни бүгінгі мереке жайлы ауыз толтырып айтарлықтай əңгіме, тілектер жазылды. Əлі де жалғасын тауып, толастар емес. Қол тигенге қарай, асығыстық болса да, бір-екі ауыз сөз дат етейін...
Аузын айға білеген əрқайсымыз журналистика, баспасөздің төртінші билік екендігін жерден жеті қоян тапқандай сөз етеміз. Себебі, жүгі ауыр кəсіп иелері үшін бұл - біріншіден, мақтаныш; екіншіден, өзін-өзі жеңіл жұбатудың сиқы(артыңда қаншама сенім, соған сай болмақ мақсат жатыр). Заманына сай уақыты озған сылдыр сөзді емес, уытты сөздің ұтқыры болу бұрнағыдан тəн қабілет те, қасиет те Журналист ауыздан шыққан "Аһ!" дегенді ақиқат санап, жол-жөнекей хабардың шындығына жетпестен жарияланымға арқау етпес. Ұйымдасқан сайын оң-солға қисая, өзгенің өмірін өсекке айналдырып, жердегі "жұлдыздарың" тіршілігін тілге тиек етуді мақсат тұтпас! (ол жағын аталмыш "сары басылымдар"-ақ қатырар).
Бүгінде жоқ жерден сенсация тудырушы қарабайыр əнші-тілшілер, ел өмірін жұтаңдыққа апарушылар саны лек-легімен артқаны талас тудырмайтын ақиқат.Осы жолға еліктеп, табан тоздырып жүгіру нəтиже бермейді❗. Бəлкім, олар да келешекте тағдыр тəлкегімен тілшілік тіршілігіне жолдан қосылса да (барлығы емес), талап арқылы мамандық махаббатының жемісті жеңісін көрер⁉ Іс тетігін қашан да маман шешеді, яғни "қой сойса да, қасапшы сойсынның" ниеті бұл...
Аталған қысқа да толық мəтінге арқау болған, əрлі-əріптестер!
Ұлт сенімін арқалаған, ұлы жүректер! Əр топ (101, 102, 103) - ақпарат майданындағы армия десек, əрқайсымыз сол майданның қаруы - қалам (телевизиядағылар үшін - микрофон), қалқаны - дəптер, жазары мол жауынгеріміз. Санаға сақ болып, халыққа бақ қондырайық. Журналист қорек етер түйе жантақты - сүбелі жаңғаққа, жамылар "қар" көрпені - төр көрпеге, жастанар "мұз" жастықты - құс жастыққа айналдыруларыңызға тілектеспін! Ауызбен орақ орған емес, аузымен құс тістегендердің санатынан табылып, Ахаңдар ашқан "арна" тізгінін қолдан бермейік...
P.S: Біз, журналистер, қоғамға "мысықтың" қай бағытқа бет алғандығын көрсетеміз...ары қарай қоғамның өзі-ақ "мысықпен" айналысып кетеді...(сана сапасы мен ой ұшқырлығына сай)
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар. Бұлар қазақтың нағыз патриоттары! Автор.
Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.
Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.
Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде
Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес. Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет. Жұмыстың мақсаты: Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау. Жұмыстың міндеттері:....
Экономиканы нарықтық жолмен жүргізіп және өндірістің сапасын жетілдіру үшін елімізде бірқатар өзгерістердің қажет болғандығы белгілі. Біздің елімізде экономиканы нарықтық жолмен дамыту үшін көптеген реформалар жасалуда. Еліміздің нарықтық қатынастарға сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін дамыған капиталистік елдердің және дамушы елдердің өтпелі кезенінің аспектілерінің оң және теріс жақтарын түбегейлі зерттеп, сонымен қатар нарықтық қатынастар жолымен экономикасы дамыған елдер қазіргі таңда қандай деңгейге жеткенін білу қажет болды. Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық ұйымындары үшін орындауға міндетті экономикалық қатынастың айқын әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 1993-жылғы бухгалтерлік есепті енгізу мен қаржылық есеп беруді дайындаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуден басталды. Соған сәйкес мына төмендегі үш жол сарапқа салынып таңдалынды:....
Ежелден халықтың медицинада тәжірибеден өткендіктен, сұлы арқылы дәрі-дәрмектің күші келмейтін көптеген сырқаттарды емдеп жазуға, адамды әлсіздіктен арылтуға, күш-қуатын арттыруға болатындығы анықталған. Біз ғылыми, медициналық, тарихи танымдық басылым, материалдарын, халық емшілерініғ ақыл-кеңестерін пайдалана отырып, сіздерге мынандай сұлы емдерін, диеталық дәмдерін ұсынып отырмыз. Шипалық нұсқауларды орындауда өзіңіздің дәрігеріңізбен ақылдасып қабылдауыңызды өтінеміз. Өйткені әркімнің табиғаты, ағзасының жағдайы, бойындағы жасырын. Белгілі дерттері әрқилы ғой. ......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақтың тақырыбы:Көңіл-күйді білдіретін бетперделер №2 Оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.4 Диалогке қатысу. 1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. 2.5 Медиақұралдар арқылы тілді дамыту 1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды. ...