Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесі

Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуымен қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылыгын қабылдауы к немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты жай нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлық тифлопсихологтар және тифлопедагоггар көру кемістігінің салдарынан түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығымен зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың өмірі тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соға, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
Мәселенің өзектілігі: К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімдік аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көрініс қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну аркылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейті теориялары бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің киімдерім

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Балаларға өткен «киім» тақырыбы бойынша сөздерден сөйлем құрап айтуды үйрету.
Ә) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне жол ашу. Киімдер мен ыдыстардың аттарын бір - бірінен ажыратып салыстыруға үйрету.
Б) Тәрбиелік: Гигиенаға үйрету, киімдерді таза, ұқыпты киюге шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) ҚР Әнұранын орындау......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Білімді біздер - баламыз

Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар; Сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, сигналдық белгілер.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер.
Зерделі де, білімді мектепалды даярлық сыныбы бүлдіршіндерінің «Білімді біздер - баламыз» танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Үш қасиет кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім адамның шын мағынасындағы білімді болуына аса қажет.
Қазір жан - жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты топпен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Оң жақтағы «Ботақан» тобы, ал сол жақта «Балапан» тобы......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні

Ақша ерте заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарты және өнімі болып табылады. Тауар -бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Заттың тауарға айналуы, ақшаның пайда болуы объективті алғы шарттарды құрастырады. Бір кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса мұндай бұйым тауарлы формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Алғашқы қауымдық құрлыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ аййырбасталу барысында айырбас құнының жәй немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің өсіуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбастау құрамы бола бастады. Осыдан келіп құнын толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық және осы тауарлар ақша деп аталады. Бір халықтың өзіне әртүрлі уақытттарында және әртүрлі халықтарда бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болады сонымен қатар.
1. Ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырба с құрамына айналады.
2. Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланады.
3. Жылы теңіздердің жағасын мекендегендер айналыс құрал ретінде бақалшақ пайдаланады.
Өнермен жер иеленушілердің бөлінуімен эевмваленттің жетілуі жалғасты бөлінушлік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болады. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері күріш,какао құйма түріндегі .Жалпы эквивалент ретінде металда пайда болады .Металл ақшаның артықтылығы біркелкі төзімді ұсақтанады.Металл ақшаның кең таралуымен ақша есебінің салмақты жүйесі нақтылана түсті.Кейін келе металдың арасында басты рөлді алтын мен күміске өте бағаланды,өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие б.ғ.д.13ғ салмағы көрсетілген құймалар болады.Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.Алтын жеке айналыс құралы болғанда монометализм леп аталады.Алтын мен күміс қатар жүрген кезле бейметализм деп аталады.Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді кез-келген тауар айналысында ақша айналыс құралы болып табылады.Тауар және бір-бірімен бөлінбейді ақша айналысы болса онда тауар айналысында болады.Ақша жалпы бірдей эквивалент ерекше тауар онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімднрінің айырбасы үздіксіз жасалына береді.Ақша -өндіруімен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық құжаттар қатынастарда көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуі мен көрініс табады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік – идеяны түсіну №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Көлік – идеяны түсіну №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1 Зейін қойып оқу.
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.
1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
2.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының сан алуандылығы.
1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдана отырып,сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен бірге дұрыс айтады. Таныс сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен сұрақ қояды.
Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды.
Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және басқаларға көмек береді. Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылыми ашылулар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми ашылулар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Сабақтың мақсаттары: Эссе құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіре отырып жаза алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат)
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Сабақ мақсаттары: Сарматтардың көрші/ шалғай елдермен саяси қатынасын зерделеп талдау. Әскери өнердегі әйелдердің рөлін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: ортағасырлық өнер стильдерінің ерекшеліктерін зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кездейсоқ щамалар және оның сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.9 кездейсоқ шама ұғымын түсінеді және кездейсоқ шамаларға мысал келтіреді;
10.3.2.10 дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамасын біледі және оларды айыра алады;
10.3.2.11 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңының кестесін құрайды.
Сабақ мақсаттары: Әр оқушы дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар туралы біледі, айырмашылығын түсінеде және үлестірім заңын кесте түрінде құрастыра алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0