Мақал - мәтел: Аштық, ашаршылық

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Атақты ұры аштан өледі.

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Поликонденсация. Нейлон, лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Синтетикалық полимерлер (Пластмассалар)
Сабақ тақырыбы: Поликонденсация. Нейлон, лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.36 полимерлену мен поликонденсация реакциялары арасындағы негізгі айырмашылықтарды түсіну;
10.4.3.37 пластиктің қолданыс мерзімінің ұзақ екендігін және оның қоршаған ортаға тигізетін салдарларын білу;
10.4.3.38 қоршаған орта проблемаларын био-ыдыраушы пластиктер және пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жолымен шешу мүмкіндігін түсіну
Сабақ мақсаттары: - полимерлену мен поликонденсация реакцияларын ажырата білу
- пластиктің қолданыс мерзімінің ұзақ екендігін және оның қоршаған ортаға тигізетін салдарларын анықтау
- пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жодарын ұсыну.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қол ережесі 3-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампер күші сол қол ережесі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер ететінін түсіну;
FIBLsinα формуласын білу түсіну, оң қол ережесін білу; Магнит ағынының тығыздығын білу және оның өлшем бірлігінің тесла екендігін білу;
Сабақ мақсаттары: • магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну;
• сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;
• тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің токтың балансын қолданатын магнит өрістің ағын тығыздығын өлшеу үшін қалай қолдануға болатынын түсіну;
• тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру және күштің бағытын анықтау;
• Есептер шығаруда қолдана білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Кері итеруші күш (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық)
Сабақтың тақырыбы: Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Кері итеруші күш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Кері итеруші күш
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• кері итеруші күшті анықтау үшін Арххимед қағидасын пайдаланады
• Бернулли теңдеуі және үзіліссіздік теңдеуі арқылы есептерді шығарады
• Бернулли әсерімен байланысты жағдайларды түсіндіріңіз.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күнделікті сабақ жоспарлары

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Білімің - бұлағың» (Өлеңмен танысу)
Мақсаты: балабақшаға, мектепке барған балдардың қуанышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің - бұлағың» өлеңін оқып үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру; Барлық адамдардың – ақын да, ғалым да, бәрі мектептен, балабақшадан білім алатыны туралы балаларға айтып беру; Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер қажет құралдар: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі - сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды.
Билингвальды компонент: білім – знание, ұстаз – учитель.

Ұйымдастырушылық - оятушылық
Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге тұрғызады.
- Шеңберге тұрғанда бір - бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір - бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу -3 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу -3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 Тыңдалған/ қойылған материал не туралы екенін анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді
Көбі: оқиғалардың ретін түсінеді, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді, заттың атын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді таба алады
Кейбірі: ертегінің идеясын анықтайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1 Ақпаратты түсіну
2.2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
1.2 Мәтіндегі негізгі ой мен түрлі көзқарастарды анықтау
Сабақтың мақсаттары: 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды
1.1.2.1 Әңгімені тыңдайды және әңгімедегі оқиғаларды ретімен қоя біледі....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Алтынай Жорабаева Құлажанқызы (1978 жылы 28 қазан)

Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (1978 жылы 28 қазанда ОҚО Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Төле би ауданының құрметті азаматы (2013). Құрмет орденінің иегері (2017).

Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген.
1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады.
Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0