Реферат: Әдебиет | Айша Ғарифқызы Ғалымбаева қазақ суретшісі

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.
Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.
Айша Ғарифқызы жарық дүниеге келісімен-ақ айы оңынан туған адам. Оның туған ауылы Алатаудың бөктеріндегі табиғаты таңқалардай тамаша жерде. Киіз үйдің ішіндегі алуан түске боялған ою өрнектің, бір-біріне ғажап жарасым тапқан әр бұйым, әр заттың өзі жаныңды жып-жылы нұр шуағымен жылытқан сұлулық әлемінің тұтас бір әлеми кеңістігі тәрізді. Ісмер әже Айшаға жас күнінен өз қолынан келгеннің бәрін үйретті. Тұнып тұрған табиғат тамашасы мен жылы ұяның сұлу ырғақ, әсем бояуы бірте-бірте болашақ суретшінің жан дүниесін мөп-мөлдір, тұтас бір тұнығымен баурап алды. Одан соң бұл ғажайып дүние, сиқырлы сурет оның полотноларында бейнелі көрініс тапты. «Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай, біздің мирас еткендеріміздің бәрі таңдаулы туындылар.
Тағдырдың таңдаулы қызына өнердің құдіретін жаратқанның өзі сыйлаған. Онда да тек кенепке жағар көп бояуды ғана емес, күй көкірек тыныстар кең дүние – айналасын да әдемі жаратқан. Өнердің өзі «болмыстың қолдан шекіп соққан қалыбы» дейтініміз де сондықтан. Ал, Айша Ғалымбаева өз әлемінің сол болмысын жүректің жылуымен әлдилеп, шекімей-шертпей аялап, оны күншуақ пен көлеңкенің нұр сәулесі тұнған алуан түстерден дестелейді.
Айша Ғалымбаеваның көркем полотноларындағы образдар жүрек жылуын жер бетіндегі барша тіршілікке сыйлап тұрғандай. Ал Айшаның болмыс бітімі, жылы жүзді көзқарас, биязы, жұмсақ үні мен жылы сөзі адамдардың осынау жарық дүниеге деген құштарлығын оятады. Оның бейнелеу өнеріндегі образдарының мейрімі, іңкәрлігі мен ерекше сомдалуы кім де кімнің жан дүниесіне шаттық пен жарасымдылықтың сазды әуенін сыйлайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне)

Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне,
Жарындай арыңменен бірге түне.
Шыдаудың өзі де ерлік, айналайын,
Халықтың сыйы менен құрметіне!
Жастың да келіп қалды ақырабы,
Жанымның дірілдейді жапырағы.
Уақытың жетпей жатса,
Кездесуге
Бір күнде екі жерге шақырады......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Гүл туралы аңыз (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы: Гүл туралы аңыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т4. Көркем шығармаларды тыңдау. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.
Сабақтың мақсаттары:Таныс, таныс емес сөздерді талдау арқылы «Гүл туралы аңыз» мәтінінің мазмұнын түсінеді...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: «Ққ» ДЫБЫСЫ ЖӘНЕ ӘРПІ

Сабақтың мақсаты: Ққ дыбысы және әрпімен таныстыру
Есте сақтау қабілетін тілін дамыту
Таза әдемі жазуға тәрбиелеу
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын «Сөз ойла-тез ойла»
Көрнеклігі: К-15-21....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар 1937 жылы)

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;
6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ерекшеліктерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Галогеналкандарды алу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Галогеналкандар
Сабақ тақырыбы: Галогеналкандарды алу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.2.31 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;
10.4.2.32 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау;
Сабақ мақсаттары: - галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіре алады;
- галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттар есебінің касса операцияларының есебі

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дүрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сүз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті үзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рүлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын күріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нэрсе - банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда үз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін күруге болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мэселелер мені қызықтырды, сондықтан бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бүлімін кеңірек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап ал...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда, КазГУ - 2008

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әр ғасыр адамзат тарихында өзіне ғана тән ерекшеліктерімен із қалдырып келген. XX ғасыр әлемде бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздік туралы жаңалықтар енгізді. Ғылым мен техника, мәдениет пен рухани саласындағы жетістіктерден тыс халықтардың әлеуметтік, саяси, экономикалық, денсаулық жағдайындағы өзгерістерді және ғаламдастыру, оның әлемге енген бағыттары туралы атаған дұрыс.
Соңғы жылдары ғаламдастыру термині адамның күнделікті тұрмысына тез қарқынмен еніп, бұқаралық ақпараттар құралдарында жиі қолданылып жүр.
Ғаламдану – ұлттық экономикалардың бүкіл әлемдік жүйеге бірігуі.ол соңғы онжылдығында пайда болған капиталдың еркін қозғалысына,әлемнің ақпараттық жаңалықтарға ашытылығына,те [1].
Ғаламдану – бірмезгілде мемлекетаралық және трансұлттық формаларды дамытатын екі жақты процесс. Ғаламдастырудың бағыттары: мемлекеттер, мемлекеттік одақтар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар. Бұлар олигополистикалық бағыттар.
Ғаламдану – бұл нарықтық процесс, өмірді гомонегизациялау [2]. Оның жүйесіне азық-түлік, оның бағасы, денсаулықты сақтау деңгейі, нарықтық табыстардың деңгейі, банктік проценттік баға жатады. Бұл принциптер әлем деңгейіндегі беталысты теңдестіруге және әлемдік экономика процесінің құрылымына өзгерістер еңгізуге бағытталған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0