Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру
Оқу мақсаты: 2.1.7.1 Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б.) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды
2.1.1.1 Өзгелердің әңгімесін тыңдайды және - өзінің келісетінін, келіспейтінін білдіреді.
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. ТВ бағдарламасын көре отырып, әдеби емес кітаптардағы мәтінмен салыстырып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен

(Әңгіме)

— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.

Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық.
- Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту;
- Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді;
- Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді;
- Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру;
- Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Білім беруді ақпараттандыру

Мемлекеттік білім беру мекемелерің немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын күәландыратын құжат беріліді. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерің бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріліді. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Білім жүйсінде қалаған деңгейдегі басқару қатнастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатнастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс - әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасың қалыптастыру барысындағы оқушы іс -әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері,сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай – ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орын басарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол - сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі.
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата – аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасқырға)

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра-тұр, көрісерміз қанжығада.
Жатқанда ойда малым,сайда малым,
Есімде емін-еркін жайғағаның, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7
Сабақ тақырыбы:Тамақ және сусын"Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.
Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрастырады, білетін сөздерін жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбір оқушылар:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен өздігінен жазады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдан
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтауда өз ойларын тұжырымдай алады.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында суреттерді қолданғанып, ортақ тақырыппен байланыстыра алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Темір өндірісі адам өмірін қалай өзгертті? (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Темір өндірісі адам өмірін қалай өзгертті? (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
Оқу мақсаты: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.

Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.

Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта – жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану – болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.

Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.

Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.

Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.

Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан» туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0