Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Із


Ілкі сәтте санасы іске қосылған ол, айналасына көз сүзді. Айдалада тұр екен, көз жетер жерде ешкім көрінбейді. Өз денесіне қарады, үстінде лыпа жоқ. Тыр-жалаңаш. Базбір бұзақылар шешіндіріп, тонап кеткендей. Бірақ еш қысылмады, себебі мұны көріп тұрған ешкім жоқ болатын. Бәрінен бұрын алаңдатқаны жалғыздық еді. Қабырғасы қайыса қайғырды, өзінің жалғыздығына. Бір нәрселерді есіне түсіргісі келген, ештеңе өнбеді. Санасы ақ парақ секілді, тап-таза. Ми қуыстарында тек табиғат құбылыстарының елесі тұр, сондай ақ қоршаған ортаны білетін сияқты. «Анау тұрған ағаш» деді, анадайда қуарып тұрған жалғыз теректі өзіне көрсетіп. «Мынау Жер» деді, табанының астын оң аяғымен тебіп. Ауық-ауық әлденелерді айтты өз-өзіне. Бірақ адамдарға қатысты еш нәрсе оралмады есіне. «Сірә, мен жер бетіндегі ең соңғы адам шығармын. Бір алапат дүлейде барлығы қырылып, қатты соққыдан құлағандықтан есімнен ауысып, осы сәтте ғана өз-өзіме келіп тұрған шығармын» деп ойлады. «Бірақ, жер бетіндегі ең алғашқы адам болуым да мүмкін ғой, еш нәрсе есіме түсер емес» деген екінші бір ой қылаң берді санасында. Шегі жоқ екі ойдың ортасында ақыл-есі біраз сарсаңға түсті. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік, шетіне жете алмады екі ойдың. Есеңгіреген қалыпта біршама уақыт орнында тұрды да, жүріп кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы

Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады.
Өз кезегінде вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. /1/
Вексельдің экономикалық мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында.
Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық банктер де және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді құру

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан бастап өткізілетін ғылыми-техникалық шараларының маңызы зор. Кәсіпорынның ұжымы, олардың басшылары ең алдымен еңбектегі материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Қазіргі өндіріс ғылыми-техникалық революцияның өркендеу жағдайларын қолдану, соның ішінде өндірісті автоматтандыру арқылы дамып келеді. Өндіріс – бұл қоғамның дамуына және тіршілік етуі үшін қажетті материалдық игіліктердің жасалуы.Өндірістің мазмұнына сәйкес еңбек ету жағдайын келесі түрде анықтайды:
- орынды жұмыс немесе еңбектің өзі;
- еңбек заты, яғни адам еңбегі;
- еңбек (құрал-сайман) құралдары (машиналар, қондырғылар, құрал-саймандарды адам еңбек затының көмегімен жасап шығарады.)
Материалдық өндірістің нәтижесі соңғы өнімнің берілген тұтынушылық қасиетке ие болуы болып табылады.
Өндіріс – тұтынушылардың сұранысына, мұқтаждығына, талаптарына сай қасиеті бар түпкі өнімді шығаратын кәсіпорынның, фирманың басты орталық тізбегі. Өндірістік процесс – шикізаттан, материалдардан, жартылай дайын өнімдерден, қосалқы бұйымдардан қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыратын өнімді шығаратын жеке процестердің жиынтығы.......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Арабизмдердің қазақ тілінде игерілуі

Қазіргі қазақ тіліндегі арабизмдердің күнделікті өмірде қолданылуы, сингорманизм заңына бағынбауы.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тереңнен бастау алғанымен, сөздік жасау тәжірибесінің жарты ғасырдан аса ғана тарихы бары белгілі. Сол тарихтың бойында түрлі ғылыми - практикалық мақсаттарға орай үлкенді – кішілі сөздіктер басылып шықты.
Араб тілінен енген кірме сөздер негізінен есім сөздер болып келеді. Оларды бір - бірінен ажырата білу үшін сол тілдердің ерекшеліктерін айыра тани білу керек. Араб тілдерінің кейбір грамматикалық тұлғалары сөз жасаудың өнімді тәсілі ретінде қолданылады: араб тіліндегі и (- иййун) аффиксі тек араб тілінен енген кірме сөздердің құрамында ғана кездеспей, қазақ тілінің төл сөздеріне де жалғанған.
Араб әліпбиі 28 әріптен, қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады. Араб әліпбиінде бас әріп жоқ және оларда сөз оңнан солға қарай жазылады (22 әріп төрт түрлі көріністе алты әріп екі көріністе жазылады). Араб тілінде әр әріптің үстіне немесе астына қойылған нүктелер оқу үшін үлкен рөл атқарады, себебі жазылу графикасы бірдей әріптер бір - бірінен тек нүктелерінің саны мен қойылуы орнына қарай ажыратылады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы туризмнің даму тарихы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының туризмінің дамуы». Бқұл тақырыпты таңдау себебім бүгінгі күні өзекті болып табылады. Оның әліде Қазақстан үшін ашылмаған қыр- сыры көп. Өйткені туризмді Қазақстанда зерттеумен айналысатын ғалымдар өте аз.
Туризм әлемдегі экономика салаларының ең тиімдісі, ал кейбір дамып келе жатқан елдер үшін негізгі өмір сүру көзі. Мысалы, Сингапур, Тайланд, Түркия, Испания, Болгария, т.б..
Жаңа жерлерді аралау, табиғатпен қанағаттану, демалу басқа елдермне , ұлттармен, қалалармен, көп ғасырлар ескерткіштер және өнермен табысу біздің заманда үлкен орын алады. Туризмнің едәуір өсуі адамдардың өмір сүру деңгейінің өсуімен байланысты. Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстандағы туристік индустрияның жағдайын көрсету, оның қалыптасуы мен дамуын талдау.
Қазақстан туризмі негізінен шетелге шығуға бағытталған, туристердің шығу ағымы қазіргі кезді тұрақты дамыған. Республиканың 22 туристік компаниясы Туркия, Араб Бірлескен Иммираттары, Пакистан, Оңтүстік Корея, Польша, Греция, Болгария, Италия елдеріне чартерлік әуе рейсерін ұйымдастыруда. Кейінгі кезде Қытай, Пакистан, Иран, Ирак мемлекеттеріне шоп турға баратын туристер саны азаюда, чебебі Оңтүстік шығыс мемлкеттерінде киттік емес пневмания індетінің таралуы және Ирак мемлкетінің АҚШ басқыншылығына ұшырауы болып отыр.
Қазақстан өзі де туристік жағынан қызығушылық тудырады. Республиканың бай тарихы сирек материалды тарихи ескерткіштері, өзіндік тұрмыстық мәдениеті, саяси тұрақтылығы туристік индустрияның қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Соның ішінде елге келу туризміне және ішкі туризмге. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі әлемі қалыптасуының басталуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық
6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету
Сабақ мақсаттары: 6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;
6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)
Сабақ мақсаттары: Ұлы географиялық ашулардың әлем өзгерісіне ықпалын анықтап, «Mine map» сызбасында талдау;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 60 ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

САЯСИ ӨМІРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Аяулы ұстаз, көк аспан
Білімің дәл ақындай,
Ұқсамайды мінезің,
Жұлдыз, бастық смаққа.

Көк жүзінде самғасаң,
Менде мүмкін самғаймын.
Біліміңді үйретсең,
Сен секілді боламын.
Тақпақтар
Толық
0 0