Қазақ тілінен сабақ жоспары: Таныс әңгімені баяндаймыз (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Таныс әңгімені баяндаймыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
• Диалогқа қатысады
• Әңгімені тыңдағанда әуеннің көңіл-күйді жасайтынын байқайды
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
• Диалогқа белсене қатысады
• Тиімді әңгіме техникаларын анықтайды
Кейбір оқушылар істей алады:
• Диалогтағы хатшы, репортер, көшбасшы немесе бақылаушы рөлін орындауды
• Әңгімеде қобалжушылық немесе шиеленіс жасайтын техникаларды таниды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көжекпен ойналық ойыны

Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қоя туралы тақпақтар жаттау.
Көрнекіліктер : Сұр түсті қоян, жұмсақ ойыншық тіл дамыту дәптері.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын
Қос тілдік компонеттері: Көжек- зайченок, сұр-серый......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» ертегісінен (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» ертегісінен
Оқу мақсаттары: 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ертегінің эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды.
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, талдау жасай алады, әр бөлікке ат ұсынады.
Кейбір оқушылар: ертегі мазмұнының ретін сақтай отырып, жинақтап, бөліктерге бөле алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
Сабақ тақырыбы: ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы
Оқу мақсаттары: 8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқының әлемге танытудағы роліне баға беру
8.2.2.1 Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
Сабақтың мақсаты: Кеңестік Қазақстан кезіндегі ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет пен өнер саласының өзгерістерін және кеңестік идеологияның ықпалымен дәстүрлі мәдениеттің құлдырау себептерін анықтайды. Кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасу ерекшеліктерін талдайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жасанды интеллектіні қолдану салалары 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасанды интеллект және Blockchain (блокчейн) технологиясы
Caбaқтың тaқыpыбы: Жасанды интеллектіні қолдану салалары 2-сабақ
Оcы caбaқтa қол жеткiзiлетiн оқу мaқcaттapы (оқу бaғдapлaмacынa ciлтеме): 10.3.1.2 Өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллектіні қолдану салаларын сипаттау
Caбaқтың мaқcaты: Өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллектіні қолдану салаларын сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері. Ампер күші. Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсері. Лоренц күші (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері. Ампер күші. Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсері. Лоренц күші.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ампер күші мен Лоренц күші туралы ақпарат ала отырып, Флеминг ережесін қолданып екі күштің бағытын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мақалға терең үңілсек


Аузы-мұрты

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.



Бар арман

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.





Қайқайды

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

- Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.



Қол бұлғады

« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.



Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Ішік хайырлы болсын

- Хажы-еке, ішік хайырлы болсын!

- Айтсын.

- Қаншаға алдыңыз?

- Күйіп тұр екен ғой, 350 сом...Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы тұрмын.

- Ішігіңіз қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, - деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын көрсетті.

- Ой, шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.

Тоқыш күлімсіреп:

- Сіз әлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.

- Е-е-е! Біз біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас...

- Сонда да, хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты...

- Шіркіннің ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?

- Жорекең жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.

- Шырағым, Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба... дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем беріп кіріп келді.

Хажы әфенді жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0