Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М. Мақатаев поэзиясының зерттелуі

Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. \1; 3\
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын. \2;Жетісу\
60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр.
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілін оқу-тоқуға ден қойып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кезі еді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші Б.Кәрібозұлы «Қазіргі қазақ өлеңдерінінң жапырағын жайқалта түскен 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмүнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі,публистикалық сипаттың молаюы, ақындардың даралық ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге біріңғай бет бұруы 1960-жылдан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері»\1;88\.- деп баға береді.Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп, тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшеліктерімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен көріне бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанның экологиялық аймақтары

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км). Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тарту)

Жамбас пұл төлеп жатақта жүрген ақынбыз,
Жадырап келіп, жаңа үйге кіріп жатырмыз.
Әбекем қайда, Күнекем қайда, ойбай, тез,
Той жасап берем, тортыңды қой да, шақырғыз.
Әбекең келді, Күнекең келді, тойладық .....
Өлеңдер
Толық
1 0

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Мұң)

Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда
Жетермісің тілегіңе жалғанда?
Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып,
«Сенікі жөн», - деп кұлаққа ілген жан бар ма?
Елең етер намысқа қызып жігіт аз,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы(1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өрісі және оң қол ережесі. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі және оң қол ережесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну.
Сабақ мақсаттары: Магнит өрісін сипаттау;
Өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіндіру;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақ боксының атасы


Бокс десе ішкен асын,

Жерге қойған сыныптасым

Маған қарап керіп қасын:

- Білесің бе?- деп сұрады,

- Бокстың кім айтшы атасы?

- Білмеймін.

- Алғаш қазақ балаларын

Жаттықтырған салып жанын

Шоқыр Бөлтекұлы бабамыздың

Тарихында ел боксы

Сайрап жатыр салған ізі.

Талайлардың ашқан бағын,

Ниеті ізгі жаны жалын.

Шоқыр баба шәкірттері

Бабамыздың жалғап жолын,

Сан биікке созды қолын.

Әр жүректе мақтаныш боп

Қалды мәңгі есімі оның......
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Дайын өнiмдi сату шығындарының есебi

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады. Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарүшллық үшiн негiз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарына және субъектiлердің қаржылық - шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалары мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланүшылардың талабына, қызметтiң құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкәс келуiн қамтамасыз етедi.
Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзүшi субъектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн емес.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Құлақ ауруынан оңай айығыңыз

✅ Құлық табиғи антисептиктің қызметін атқарады. Есінеу, тамақ шайнау кезінде құлық арқылы құлақ бөліктеріндегі өлі эпителий ұлпасы сыртқа шығады. Ал құлықтың шамадан тыс жиналуы салдарынан құлақтың есту қабілеті төмендейді, құлақ ауруы, бас ауруы, тіпті бас айналуы да мүмкін. Сондықтан құлақты уақытылы тазалап тұру керек.

✅ Ал құлақ ауруынан оңай арылу үшін төмендегі емді жасауға болады.
Бірдей мөлшерде алма сіркесуы мен спиртті араластырып, ауырған құлаққа 3 тамшы тамызыңыз. Құлақтың сырғалығын ақырын қозғап, дәрінің құлақ қабырғаларына толықтай жетуіне жағдай жасаңыз. 1 минуттан кейін дәрі тамызған құлағыңыз жаққа сәл қисайсаңыз, құлық ағып шығады.

✅ Сіркесуы құлақ бөліктерінде жиналған құлықты тазартып, сондай-ақ бактерияларды жояды. Ал спирт құрғатады. Десе де, құлақ ауыра қалса, міндетті түрде құлақ дәрігеріне жүгіну қажеттігін ұмытпаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіз- Қазақстаным

Құрметті Ұстаздар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы.
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады?
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0