Курстық жұмыс: География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ АГРОКЛИМАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ КЕҢІСТІК-УАҚЫТТЫҚ ТАРАЛУЫ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау
Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.
Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан патриоты

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Оның өзіне тән Ата заңы, мемлекеттік Рәміздері бар. Қазақстанда мекен еткен адамдар Отанын, елің, жерін құрметтейді. Туған жерді, өз халқын сүйетін адам - нағыз патриот. Батырлар, ақындар елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасқан. Осындай патриотық сезімі жоғары тұратын батырларымыздың, ақындарымыз, желтоқсан құрбандары арқасында өзіміздің елімізді, ұлттылығымызды, тілімізді, салт-дістүрімізді сақтап қалдық. Қазақ халқы намысты қолдан бермейтін ұлт деп ойлаймын. Ата-бабамыз талай ғасырлар бойы елім, жерім үшін деп осындай ұлан-байтақ жерді, тілді, салт –дәстүрді бізге қалдырды. Ендігі біздің басты парымыз, осы мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Біз батыр бабаларымыздан патриоттық тәрбие аламыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Кафе/мейрамханаға бару (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақтың тақырыбы: Кафе/мейрамханаға бару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады. (мұғалім көмегімен)
Сабақтың мақсаттары: Өзгелерді тыңдауды, түсініп, өз ойларын айтуға жағдай туғызу; «Кафе» тақырыбына қатысты үйренген сөздерді пайдаланып диалогқа қатысуға үйрету ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Ақын деген кім?» Қанат Қайым (3 сынып, III тоқсан)

Пән:әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Ақын деген кім?» Қанат Қайым
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын біледі, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді табады, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, эпитеті табады және өз пікірлерін айтады
Кейбір оқушылар: өз тақырыбын ұсынады, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тiзбектелген тәжірибелік сaбaқтaр топтaмaсынaн aлынғaн бiр сaбaғым туралы

Қaзaқстaн Республикaсының Президентi Н. Ә. Нaзaрбaев өз Жолдaуындa
aйтқaндaй: «Болaшaқтa өркениеттi дaмығaн елдердiң қaтaрынa ену үшiн зaмaн тaлaбынa
сaй бiлiм қaжет. Қaзaқстaнды дaмығaн 50 елдiң қaтaрынa жеткiзетiн, терезесiн тең ететiн -
бiлiм». Сондықтaн, қaзiргi дaму кезеңi бiлiм беру жүйесiнiң aлдындa оқыту үрдiсiнiң
технологиялaндыру мәселесiн қойып отыр. Оқытудың әртүрлi технологиялaры
сaрaптaлып, жaңaшыл педaгогтaрдың iс – тәжiрибесi зерттелiп, мектеп өмiрiне енуде.
Мектеп – үйрететiн ортa, оның.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ұйқы келтіретін дәрі

Боранбай жатар алдында қалтасынан ішінде тары дәніндей түйір - түйір сарғыш бірдеңелер бар титімдей жұмыр флакон алып қарап отыр еді.

— Жаке, бұл немене? — деп, әуесқой Ержан қасына жетіп барды.

— Ұйқы келтіретін дәрі ғой балам.

— Не? Ұйқы келтіреді?

— Иә, ұйқы келтіретін дәрі.

— Қайтып келтіреді?

— Ұйықтар алдында осынын екі-үш түйірін жұтатын болса, адам қатып ұйықтап қалады.

— Сонан соң оянбай ма?

— Неге оянбасын, таңертең әдеттегідей қалпымен оянады.

Ержан қызығып, осындай да дәрі болады екен-ау деп, қайран қалды.

— Дәрігер берді. Соңғы күндері мазасыз ұйықтайтын болып жүргенім. Енді біраз күн осыны ішіп көрейін деп отырмын.

— Жаке, маған да біреуін берші, — деп өтінді Ержан.

— Оны қайтесің?

— Мен де жұтып көрейін.

— Мұның саған не керегі бар? Онсыз да төсекке басың тиер-тиместен қор ете қаласың.

— Жәкетай, біреуін ғана! — деп, Ержанның ынтызары арта түсті.

Борекең ұлының меселін қайтармайтын көңілшек адам.

— Мә, жұтсаң жұта ғой, — деп Ержанға ол дәрінің бір түйірін берді.

Ержан әкесінен аса бір қымбат зат сыйлыққа алғандай қуанды. Рақмет айтты да, жүгіре шығып, әжесінің бөлмесіне барды. Әжесі екеуі осы бөлмеде ұйықтайды.

— Әжетай, төсек салып бере қойыңызшы, мен кәзір мына дәріні жейін де қатып ұйықтап қалайын.

— О неғылған дәрі?

— Ұйқы келтіретін дәрі. Жәкем берді.

* * * .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күші бар Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
1. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерін белгілейді.»
3. Тараулардың тақырыптарындағы «I», «IV» және «V» деген цифрлар «1», «4» және «5» деген цифрлармен ауыстырылған.
4. 1және2-баптар мынадай редакцияда жазылды:
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
«1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – кәсіпкерлерге ), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына ) қолданылады.
2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қазақстан және Каспий мәселелері

Кіріспе
Каспий теңізі ( ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар т.б) – Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км². Мередиан ,бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км ( солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Ең терең жері 1025 м,орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары : Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл т.б. 50–ге тарта аралдар бар. ( ірілері: Құлалы, Шешен, Артем т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз терассалары өте көп. Каспий теңізіне 130 –дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%–ін Еділ, 5%–ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек Сулак, Самур өзендері 5% – тен астам, Кура өзені 6%– тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%–ке жуығын береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстарды аялайық

Білімділік: балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға үйрету.
Дамытушылық: құстардың дауыстарын сала отырып, тілдік қорын жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тыйым сөздер, мақал – мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың бейнесі, дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаға сәйкес суреттер.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ал, балалар, қанеки алдымен сәлемдесіп алайық...
Балалар, біз қонақтарымызбен амандастық, енді алақандарымызбен бір – бірімізге жылы лебіздер айтайық........
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Орманды мемлекеттік бақылау басқару талаптары

Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.
Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. ....
Рефераттар
Толық
0 0