Сабақтың мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: "Қызыл телпек" ертегісіне салынған кейіпкерлерінің бейнесі, 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар, дидактикалық ойындар, тапсырма кедергілер. Сабақтың барысы: Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз. Біздің ұранымыз: Бір, екі, үш Сынып іші тып – тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз. .....
Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ак пайдаланылған. XIX гасырдың аяғында жүргізген сынак бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі - 81,1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болган. Бүл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегендегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылган. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт окілдерінің 81,1% болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазакша) газет шыгару және сол газеттерді ("Дала уоләятінің газеті, 'Түркістан уәләятінің газеті) қаржыландырып түру қажеттілігін туғыз-ды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында казақ тілі өзінің қоғамдық әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз — жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазактар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасьның маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сойлейді. Кейде, тіпті сотта да солай әр кезеңде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім кабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның 1-ші Конституциясы бойынша казақ және орыс тілдері республика мемлекеттік тіл болып табылады. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақсган Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. ....
Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ Оқу мақсаты: 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау 7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау Сабақ мақсаттары: - Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау - Жәңгір ханның тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар: Көбею Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі. Оқу мақсаттары: Оқушылар: - ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Оқушылар - жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі. - жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі негізігі кинематикалық теңдеулер мен ұғымдар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.1–бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көмегімен орын ауыстыру формуласын қорытып шығару.. Сабақтың мақсаты: Оқушы білуі тиіс… - бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көмегімен орын ауыстыру формуласын трапеция ауданы бойынша қорытып шығару; - бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде орын ауыстыру модулін анықтау; -бірқалыпты үдемелі қозғалыс графигін саралап,соның көмегімен қозғалыстың орын ауыстыру және жылдамдық теңдеулерін қорыту.......
Алматы көктемінің тамаша бір салқын кеші. Әзімбай тротуарды бойлап, ойға қалып келеді бүгінгі кешті қалай өткізсем екен?
Кенет оның бет алдындағы биік үйдің жанында электр сәулесімен қызылды-жасылды болып құбыла жазылған «Ресторан» деген сөз жарқ ете қалды. Әзімбайдың бұл оншалық жек көрмейтін орны. Мм... деп ол майданда жарқышақ тиіп, кемтар болып қалған бұжыр алақанымен мұртын уқалады. Жүрісі де баяулап, батпақ кешіп келе жатқан адамша ілбіді де қалды. Ой үстіне ой келді.Кірсе жаман болмас еді. Кешті көңілді өткізіп, шалқып қайтуға болушы еді. Бірақ жоқ жомарттың қолын байлайды. Командировканың ақшасы адамды жарыта ма? Қалаға бұрын келіп жүргенде Әзімбайдың өзіндік тағы да бірдеңелері болушы еді. Бұл жолы оның реті келмеді.
Әзімбай мұнда әлі де үш – төрт күн болады. Әр күні үш мезгілден тамақ ішуі, қонақ үйге төлеуі. Содан соң автобустың жол ақысын төлеп Н. Ауданындағы үйге жетуі керек. Қаладағы бар ақша сондық қала. Қой болмайды.
Әзімбай тоқыраудан шығып, аяғын тездетіңкіреп басты. Ресторанның есігіне жалтақтай қарағанмен бұрылмады. Қатар – қатар көп терезе бұлар да ресторандікі. Адам аздау секілді. Сыра салған бөтелкелер, графиндер көзіне шалынғанда, Әзімбай тағы да қобалжыды.Алматыға айына да жылына да бір келгенде, тым құрыса бір рет сыраға тойып қайтпау деген... Әзімбай тағы да ілбіп, көңілінде есеп жүргізе бастады: кешкі тамақты бәрібір ішуім керек. Соның орнына екі-үш бөтелке сыра алсам. Жарайды, арзандау бір тамақ және алайын. Пәлендей қымбатқа түспейді. Оның есесіне ресторанда болып, музика тыңдап уақыт өткізіп қайтам.
Кір, кірме деген екі ойдың біріншісі еңсеріп әкетті. Әзімбай бұрылып, қайтадан кейін қарай жүрді. Екінші кереғар ойдың да жағы семер емес. «Кірме! Кірме! Кірме!» дейді. Кірген соң сенің жайың белгілі ғой дейді. «Жоқ, әлгі есебім есеп, бір грамм да татпаймын» — деп, Әзімбай өзіне өзі ант бергендей болды да, ресторанға кірді.
Қазақстан республиксының суармалы егіншілігі мен оның экономикалық тиімділігі туралы жазылған бұл бітіру жұмысы 55 беттен, 2 суреттен, 1 кестеден,3 бөлімнен 10 тараудан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16. бірінші бөлімінде суармалы егіншіліктің Қазақстанда пайда болуы,таралуы және дамуы,суармалы егіншіліктің жалпы жағдайы жазылса, екінші бөлімінде суармалы егіншілік үшін жарамды топырақ ресурсы оны дұрыс,өнімді,тиімді түрде пайдалану мен жақсарту мелиоративтік шаралары қарастырылған. Ал,үшінші бөлімінде суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі және еліміздегі су көздері мен су ресурстары туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу нысаны Қазақстандағы суармалы егіншілік Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы суармалы егіншілік пен оның экономикалық тиімділігін зерттеу. Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөл және шөлейт аймақтар басым болғандықтан бұл өңірлерде егіншілікті қолдан суармайынша даму мүмкін емес,республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан — бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдары өседі.ал,қазіргі көлемі 1млн.гектар аумақты алып жатыр,бұрындары ол 2,5 млн.гектарға жеткен болатын.....
КІРІСПЕ Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деәгеидегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің каржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бухгалтерлік есеп - экономиканың білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны ссепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара - білуі тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құкықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Осы тақырып негізінде Казақстан Республикасы бухгалтерлеріне, экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне төмендегі тақырыптарды оқып түсінуге мүмкіндік береді:....