Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі

Кіріспе
"Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі" [1] делінген Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында. Бұл жолдау Қазақстанды келешекте биік белестерден көрінуіне себепші болады деген сенімдемін. Соған орай мен диплом жұмысын осы жолдауды басшылыққа ала отырып жаздым.
Қазақ өлеңі туралы байсалды әңгіме қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті. Қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі Абай мен Ыбырайдан бастау алып, оның жалғасы әсіресе, XX ғасыр басындағы поэзия әлемінде ерекше көзге түсе бастаған еді. Себебі, осы тұста асқақ жырларымен, жалынды үніменен халыққа танымал бола бастаған ақындар қатары көбейе түсті.
«... XX ғасырдың басында қазақ поэзиясында... Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мағжан мен Бернияздың кейіпкердің ішкі жан сырына үңіліп, оның қалың қатпарын аздап болса да, ашуға тырысатын өлеңдерімен бірге қазақ өлеңіне лиризм келе бастағанды» [2. 146 бет] деп өз мақаласында Бекділдә Алдамжаров 20 ғасырдың басындағы ақындар жайлы, олардың қозғаған тақырыптары мен өлеңге әкелген жаңалықтарын ауызға алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбек рыногында жалақының қалыптасуы

Кіріспе
Сонымен еңбек рыногының тепе-теңсіздік моделі жалақы мен жұмыс істеушілердің қисындастыру жолдары көп екенін және олар АЕВ сызығымен анықталатынын көрсетеді.
Жоғарыда атап өткендей, еңбек рыногында әр уақыт мерзімінде бір жағынан, жұмыс күші, ал, екінші жағынан, жұмыс күшіне сұраныс бір-біріне қарсы тұрады. Жұмыс күші ұсынысына берілген уақытта жұмыссыз қалған адамдармен қатар жұмыс орнын ауыстырғысы келетіндер де кіреді. Дәл осындай жұмыс күндері сұраныс орнымен анықталмайды, сонымен қатар жұмыс берушілерін, салық қызметкерлерді одан өнімді жұмыс істеушілермен ауыстырғысы келетінін ескеру керек.
Жұмыс күшіне сұраныс пен жұмыс күші ұсынысын үйлестіру принциптелген мәселелерді зертеуді талап етеді:
- еңбек рыногында жұмыс беруші өзіне лайықты жұмыс орнын іздеу процесі қалай жүреді.
- фирма өзінің болашақ қызметкерін қалай іздестіреді;
- екі жақ қалай алдын ала шарттар орындалғанда келіс сөзге келеді;
- қандай процестер іздестіру ұзақтығы мен оның тиімділігін анықтайды :
Келесі сөзге келгеннен кейін олардың өзара еңбек келісіміне келу ықтималдығы қандай және т.б ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны ұйымдастырудың ерекшелігі

1.1. Еңбек ақының мәні, түрлері және принциптері.
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті өнім көлеміне сәкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болады. Былайша айтуға болады – еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кететін шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны мұндай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметтердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
– Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
– Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
– Оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны;
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбек ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзіндік еңбек өнімділігінің өсуі еңбек ақының өсуіндей шапшаң болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпорын | «ТАС - ҚҰМ» акционерлік қоғамында еңбекақының ұйымдастыру

Кіріспе
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі)

О жолдастар, жолдастар!
Асыл тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
Әділдіктің түрлері,
Әдемі заман гүлдеді,
Сталин соққан бесіктен
Өрбіп өскен кіл жастар. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Азамат Ашмақын Қайратұлы (ACE) (1993 жылы 28 тамыз)

Азамат Қайратұлы Ашмақын ( ACE ) (28 тамыз 1993 жылы туған, Алматы, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.
Өмірбаяны
Азамат 1993 жылдың 28 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. Отбасында-анасы,әкесі жәнеде Інісі бар(Асет Ашмақын). Отбасы қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады.
Білімі
Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Қазіргі кезде аудармашы мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Испан және ағылшын тілдерін меңгеруде.
Балалық шағы....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Мұхтар Шаханов - күрескер ақын

Мұхтар Шаханов- «қазақ» деп жанын беретін, «қазақ» деп шырылдап жүретін,«қазағым» деп ұрандатып жүретін, «қазақ тілі», «қазақ тағдыры» деп жүретін жалғыз, дара 21 ғасырдың күрескер ақыны , қоғам қайреткері , қазақ үшін жаратылған перзенті.

Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....
Эсселер
Толық
0 0

Бата-тілек: Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы

О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған,
Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға, риза болсын, айта барғын,
Осымен өкпелей жүрсін маған.

***
Ағайындар, туғандар,
Жүрген жерің Нұр болсын.
Тындағаның жыр болсын.
Жолымыз басқа болғанмен
Тілегіміз бір болсын.....
Баталар
Толық
0 0