Курстық жұмыс: Экономика | Қаражанбасмұнай ААҚ ы бойынша еңбек ақыны талдау

Еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайында соңғы 2-3 жылда жалпы экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуда оң үрдістер айырықша көзге түседі. Атап айтқанда, еліміздегі экономикалық өсудің жоғары қарқыны тек шикізат ресурстарына қолайлы баға коньюнктурасындағы сыртқы факторлармен ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп өнімінің көлемінің артуы , ауыл шаруашылығының дамуында оң серпіннің сақталуы, шағын бизнес саласының ұлғаюы сияқты ішкі факторлар мен қатар инфрақұрылым салаларының дамуы да көрінерліктей болды.
Деректер бойынша 2003 ж. ішкі жалпы өнім 9 пайызды құрады, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4 пайызға артты. Мұның барлығы халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне қолайлы әсер етті. Адамдардың нақты ақшалай табысы өсті. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс тұрақты болған сайын жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Атаулы орташа айлық жалақы және жан басына шаққандағы орташа табыс 15 пайызға өскен, ал осы орайда нақты көрсеткіш индексі 7 пайыздан аса құрады. Экономикалық өсу деңгейі жағынан Қазақстан ТМД елдері арасында көш бойы алда. Атап айтқанда, ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейі қатарынан төрт жыл бойы сақталып келеді. 2002-2003 жылдардағы кезеңде экономикалық өсу жиынтығы 49 пайызды құрады
Биылғы жылы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек ақылары мен зейнетақылары біршама өсірілгенмен, өндіріс саласында қызмет жасайтындардан әлі де біршама, шамамен 3,5-4 есеге жуық төмен. Облыс экономикасының негізі мұнай өндіру болса, бұл салада қызмет жасайтын отбасыларының саны облыс отбасыларының 30%-н құрайды. Инфляцияны есепке алсақ және оның үстіне ай сайын еселеп өсіп отырған коммуналдық төлемдерді ессептегенде-қазіргі еңбек ақы әрбір отбасының жан басына шаққанда күнелтіс шегінен әлдеқайда төмен. Біздіңше еңбек ақыны реттеу мемлекеттік іс болуға тиісті. Еңбек ақы көтеріліп, осыған ілесе тауарлар бағалары мен әртүрлі төлемдер көбейгенінен қандай қорытынды шығады деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мемлекет нарықтық экономика жағдайына сай, қалай болған күнде де еңбек ақыны тәртіпке келтіріп реттейтін болса, жақсы нәтижелер берер еді деп есептейміз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қасымның қаламы нұрлы ақын

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1911 жылы туды. Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері Оралдың облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы жырлары енеді. Бұлардың кейбіреулері жалынды, жатық жазылғанымен, жалпы алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым өзінің «Жамбыл тойында» деген поэмасын окып берді. 1939 жылы Қасым Көкшетауды, Баянауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Біржанды, Балуан Шолакты көрген Ысқак, Смайыл деген қарттармен әңгімелесіп, өлең мен әннің думаны Біржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолактың өмірбаяндарын сұрап қанады.
1939—-1941 жылдары Қасым творчествосында елеулі өзгеріс басталады. Бұл жылдары ол «Ленин және дүние», «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Ғашық едім қайтейін», «Сонет», «Жолдас маршал» өлеңдерін жазды. Осы кез — акынның Маяковскийден батыл үйренген кезі. 1941 жылы ақын бір топ өлеңін «Бар дауыспен» деген атпен кітап қылып шығарады. Кітаптың аты — автордың Маяковскийге бас иетініне, оны өзіне ұстаз тұтатынына жанды айғақ. Бұл кезде ақында тұр, өлеңнің ырғағы, үнділігі жағынан іздену көп. Ақын қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашқы аты «Азғынбаев») поэмалары туады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшекеңнің тұрмыс жайында мақаласы хақында


«Дала Уалаятының газеті» (Алматы. Ғылым. 1994) жинағын құрастырушы филология ғылымының кандидаты Ү. Суханбердина өзінің беташар мақаласында газет қазақ халқының қоғамдық- әлеуметтік ой- пікірін оятуға, мәдени, әдеби түсінігінің молая беруіне едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар, оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер білімінің пайдасын, қазақ әдебиетінің хал- қадірі қазақ оқырмандары мен ғалымдарының өмірі жайлы бірқыдыру құнды мақалалар, хабарлар жариялады.

Газет бетінде Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбериевтің, Әлихан Бөкейхановтың өмір деректерін басумен қатар газет аталған авторлардың мақаларымен хабарларын үзбей беріп тұрғанын атап көрсеткен. Мұның өзі сол тұста қазақ оқырмандарының халқымыздың елеулі тұлғаларын танып білулеріне ықпал етті. Қазіргі таңда олардың есімінің ел жадында жаңғыруы деген тұжырым жасайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:
1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теориясына негізделген.
А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес.Оның пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. Ал,табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады,яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Еңбек ақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Ақын кегі)

Лапылдады жанды кегім,
Жанымда ыза, көзімде жас.
Өлді ақын — ардагерім
Өлтірді жау сұм есуас.
Отқа түсті ақын жаны,
Өртеді жас, есіл боздақ,
Ұлы түтін — ащы зары
Кетті іштегі кекті қозғап.
Жаны сәби, әншіл бөбек,
Еркеледі - ау дүниеге аз?
Ақын еді туған бөлек —
Жастай өліп кетті-ау, сабаз!
Күйді өлеңнің қызғалдағы,
Жанды гүлі аяп алар. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды)

Мен неткенмін, неткенмін,
Қурайлы жүріп жеткенмін!
Тай сойған мен Дендерден,
Сағыз менен Жемдерден,
Құралайдай шұбырып,
Күліп-ойнап өткенмін!
Ойылдың тамды көліне,
Бір түстеніп кеткенмін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

КІРІСПЕ
XV—XVII ғғ. этнопсихологиялық ой-пікірлерІ (Асан қайғы, Қ. Жалайри, М. X. Дулати, Шалкиіз, Жиембет жырау, т. б.) XV—XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының, өз алдына хандық құрып, тайпалар бірлестіғі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірІ еді. Осы кездері қазақтын. езіне тән рухани мәденнетінің өзіндік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілімен, жол-жоралғысы, жөн-жосық, салт-дәстүрінен айкын сезіледі. Мәселен, кейбір жазба ескерткіштердің де осы ксзде таза қазақ тІлінде жазылуы осының жақсы айғағы (Қадырғали Қосынұлынын, «Жылнамалар жинағы» т. б.).
Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Өзбек, ноғайлы хандықтары ыдырағаннан кейін кең байтақ қазақ даласы қанды майданның орталығына айналды. халкымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап, тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айрылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)

Тірлік, тірлік, тіріде қол босар ма?
Жағдайыңа қарайлау болмас онда.
Қөңілі түссе біздерді ақын ғой деп,
Ерлер сапқа қосады анда-санда.
Көңіл бөлсе бізге де егер ерек,
Жайқалар ек, жас талдай көгерер ек.
Еркектері мақтаншақ, жалқау қазақ,
Ақын әйел сендерге неге керек?
Жүру керек басынан азабы асып.
Мақсаты боп таза орын, таза қасық.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Бата-тілек: Үмбетәлі ақынның батасы

Ер болсаң, ем бол!
Ел сүйсінер бел бол!
Ер жүрек екпінді,
Ел бастаушы сен бол!

***
Ақ батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Әрқашанда Құдайым,
Жақсылыққа жеткізсін.
Жақсылық сенен кетпесін,
Жаманшылық жетпесін.
Адал болсын жолдасың,
Аман болсын мал басың.....
Баталар
Толық
0 0