Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын


В.А.Сухомлинский былай деген екен «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшіліктің құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі жаңадан буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншісі ағысы қатты өзен сияқты, енді бірі момын да жуас, ал енді бірі өткір де өжет.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, яғни ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де, еңбекқор болашақта үлгілі әке мен шеше, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.

Қыз баланың ұстанар ережесі: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Жаяу Мұса әнші ақындар тобының көрнекті өкілі

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.
Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі)

- Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы
Отырардың осал тұсын таба алмау
Ойы - дауыл,
Сезімі - аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба....
Өлеңдер
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны есептеу аудиті

Кіріспе
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік – ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық- құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.
Еңбекақы – бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ақын)

Құдіреттеніп құйылғанда ұлы ақын,
Гераклдей күшті әрі ірі — ақыл.
Күңіренеді қобыздайын аңырап,
Тебіренеді теңіздейін сұрапыл!
Көздерінен Күн шашырап маздаған,
Сөздерінен мұң шашырап боздаған.
Туғызады таң ғаламат суреттер
Сикейростар, Сальвадорлар жазбаған.
Аспан жақтан шабыт қонған шақта оған,
Ақ қағазға құйылады аппақ ән.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Ақын ажалы)

Мерт болды ақын, бықсық өсек
Ар пендесін кетті жұлып.
Кеудесінде оқ, шөлдетіп кек,
Абзал басын иді сұлық.
Ұсақ ғайбат қорлығына
Төзе алмады ақын жаны,
Озбыр қауым зорлығына
Көнбей, жалғыз шықты тағы. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: экономика | Жалақыны ұйымдастыру.

Кіріспе
Жұмысшының еңбекақысы бұл өндірістік процестегі еңбек ресурстарының бағасы болып табылады. Қазіргі таңда ол жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты, сонымен қатар оған таза нарықтық факторлар еңбекке сұраныс пен ұсыныс,құралған нақтыконьюнктура мен аймақтың аспектілері әсер етеді.
Нарықтың экономика еңбек ресурстарымен қамтылған аймақтық қолма-қолды жұмысшы күшін ұсынады. Нарықтың жағдайында жоспарлы экономикаға тән қатар регламент жоқ, сондықтан да әрбір кәсіпкер, кәсіпорын жетекшісі әрбір еңбек ақы төлеу жүйесі варианттарын тексеріп,сол кәсіпорын мақсатының қызметіне сәйкес түрін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Курстық жұмыстың тақырып - "еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру мен жоспарлау" деп аталады. Әрбір кәсіпкер өз қызметінде өндірістегі барлық факторларға төлем төлеу қажеттілігін кездестіреді. Ол – станоктар, машиналар, шикізаттар мен ресурстар сатып алады, сонымен қатар сол еңбек құрал-жабдықтар мен шикізаттарды іске қосып жұмысшы күшіне еңбегіне сай еңбекақысы төленеді.Еңбекақы – кәсіпкер үшін еңбек шығыны болып есептелінеді, ал жұмыскер үшін ЕА – бұл тікелей табыс қоры болады. Осы табыс қорын тереңірек зерттеу барысында негізгі экономикалық қызметі ірі қара мал терілерін көтерме саудасауда бойынша сатушы "РАМЭКС" ЖШС-ң қызметінің еңбекақы төлеу жүйесі талданады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0