Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ампердің күші. Электр өлшеуіш құралдар, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі. №1 лаборатория «Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау» (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампердің күші. Электр өлшеуіш құралдар, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі. №1 лаборатория «Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау».
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.4.2 электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: «Магнит өрісі» тақырыбы бойынша білімді қайталау және тереңдету.
Ампердің күшінің тұрмыста қолдануды қарастыру.
Электр өлшеуіш құралдардың және электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметін жетілдіру

І. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.
1.1. Қаржылық бақылау, оның рөлі және экономикада алатын орны.
- Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптас-тырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың кезіңде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері

Банк қызметін мемлекеттік реттеу аясында банктерді қадағалаудың орталықтандырылған жүйесінің құрылуы, банктік қызметті ішкі және сыртқы тексеру үшін қадағалау тәртібінің ережелері мен нақты процедураларын анықтады және банктерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктелуді қамтамасыз етті. Осы кезде банктік қызметке қадағалау жүргізу жолдары өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер келесі нормативтік актілерде көрініс тапты: «Банкке бақылау жасау құқығын сатып алу мен жүзеге асыру шарттары туралы Ереже», «Теріс капиталы бар банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сату және сатып алу тәртібі туралы ереже». Жалпы 1996 жыл ішінде ҚР ҰБ 104 нормативтік акті дайындап, бекітті.
ҰБ қызметті реттеу және әлемдік стандарттарға неғұрлым жақын банк секторын құру аясындағы негізгі мақсаттары: банк жүйесіне сенімділікті көтеру (05.11.99 ж. ҚР ҰБ БҚ №340 «Екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалардың салымдарын міндетті сақтандыру ережелерін бекіту туралы»), банктерге қадағалау мен бақылау жүйесін жетілдіру, банктік бизнес ерекшеліктерін есепке ала отырып салық заңдарын жетілдіру, нақты секторды несие аясында банктің белсенділігін көтеру болады.
2004 жылы 1 желтоқсаннан бастап ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып саналды. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде қызмет етеді.
Осы жұмысты орындаудағы менің негізгі мақсатым Екінші деңгейлі банктердің қызметін ҚР Ұлттық Банк және Қаржылық Қадағалау Агенттігімен қадағалау және реттеуді жүзеге асыру, Қаржылық Қадағалау Агенттігінің міндеті, қызметі, мақсаты туралы деректерді зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Аты – аңызға, сөзі – нақылға айналған ата

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар.
Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде:
- О, Момыш баланың бауы берік болсын»
- Ақменттей бабасындай батыр болсын!
- Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
- Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен:
Алатаудың қыраны мол еді
- Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы

Кіріспе
Қазақстан Республика болып жарияланғаннан кейін еліміздің тәуелсіздігінің тұрақтылығы ретінде 1993 ж өз конституциямызды қабылдап демократиялы ел ретінде жарияландық. Ел басшылығы яғни басты байлығы халық демекші халқымыз тарихында ең ауыр жағдайларды бастан кешірді. Патшалық Ресейді алсақта, кеңестік өкіметті алсақта қазақтың саны көрші одақтас тыстас түркі халықтарынан саны жағынан азшылықты құрап келді.
Оған себеп 1930 жылдардағы алапат ашаршылықтан қазақ халқы 2 млн-дай адамнан айырылды десе кейбір деректерде Н.Е.Масанов қазақ халқын 1794,4 мың қазақ яғни 46,8%-құраған халық қырылғын дейді. Жалпы 1937 ж жалпы одақтық санақ кезнде халық санының 10%-ы кірмей қалған онын саясат астарына үңілуден басқа шара қалмады. Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық хал ахуалын зерттеп оны түпкілікті зерттеу жасаушы, зерттеуші ғалымдарымыз саусақты санарлықтай-ақ. Осы тақырыпта оның барынша шындық әлпетін алып көрсету болатын оны алдағы зерттеулер қорытындыларынан қорытынды нәтиже айтармыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0