Сабақ жоспары (ұмж): Ампердің күші. №1 лаборатория «Ағымдағы магнит өрісін бақылау» (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампердің күші. №1 лаборатория «Ағымдағы магнит өрісін бақылау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.4.2 электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: «Магнит өрісі» тақырыбы бойынша білімді қайталау және тереңдету.
Ампердің күші тұрмыста қолдануды қарастыру.
Электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары

КІРІСПЕ
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. [1]
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Ақыл –ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды құрамдас бір бөлігі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л.В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Данияр Ақылбайұлы Құлымша (BALA) (19 ақпан 1998 жылы)

Данияр Ақылбайұлы Құлымша, BALA (19 ақпан 1998 жылы туған, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.

Өмірбаяны
Данияр 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Топтың кенжесі болғанымен отбасында үлкені; інісі және қарындасы бар. Отбасы қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.

Білімі
11 жылдық жалпы орта білім алғаннан кейін Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжіне түседі. Қазіргі кезде осы коледждің 2-курс студенті.

Арманы
Вокалист боламын деген нақты мақсат 1-курсқа дейін толықтай болмады. Армандарының ішінде архитектор болу да болған, өйткені Bala сурет салуды жақсы көретін. IT саласына баруды да армандаған. Компьютермен айналысқанды, ішкі құрылғыларын қопарып техникаға қызығатын. Үйінде Данияр болмаса, компьютер бұзылып қалатын да сәттер болған. Алайда әкесі бұл екі салада маман болу үшін математиканың қажет екендігін түсіндіреді. Сөйтіп Bala үшінші арманы музыкамен айналысуды жанына жақын көреді. Мүлдем үш түрлі әлемді көздеген Даниярға әкесінің ақыл-кеңестері өмірінде маңызды рөл атқарады. Ninety One тобын дебюттен кейін жаппай негатив қоршағанда, ата-аналары баласы үшін қамығумен болады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынын жасындағы балалардағы ақыл-ес дамуының қайнар көздері

1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция және қызығушылықтардың рөлі.
Балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Мақсат қою процесінің нақты қай жағы оқудың мотивациялық сферасында көрінуі тиіс және қандай ептілікке сәйкес баланы оқытуға болады?
1. Мақсатты әлеуметтік қоғамдағы баланың өзін-өзі тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес таңдау.
2. Мұғалім қойған мақсатты қабылдау және түсіну; мұғалім мақсатын ұзақ уақыт бойы ұстау, сақтау, оған өзінің мінез-құлқын бағындыру.
3. Мақсатты өз бетінше қою (білім беру), осыған байланысты әрекеттің басталуына дейінгі мақсатты ойша елестетуді, мақсатты сезінуді, оны қалыптастыруды үйрену. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы құқығы | Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу

Кіріспе
Бюджеттік бақылауды хұқпен реттеу дегеніміз, бюджеттерді қаыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік қаржыларды пайдалану процестерінің заңды түрде, және мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеретін мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар реттейді.
Түсінігіне келсек, бюджеттік кірістерді және шығыстарды хұқпен реттеу дегеніміз, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін бюджеттік хұқтың бір бөлімі болып табылады.
Әдетте, мемлекеттік бюджеттің кірісін құрайтын ең басты түсім көздері салықтар, алымдар, салық емес басқа кірістер сондай-ақ міндетті түрдегі басқа да төлемдер болып табылады. Бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы мемлекеттің фискалдық саясатының жүзеге асырылу бағытына байланысты болады.
Мемлекеттік бюджеттік бақылау бюджеттік бақылау – тексерулерді жүзеге асыруға хақы бар уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджет органдарының жүйесі мен құзыреттерін, бюджет бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-ақ бюджеттік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындатын бюджеттік құқықтың нормаларының жиынтығы болып табылады.
Бюджеттік бақылау мемлекеттің бюджет қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және бюджеттік бақылау бюджет органдарымен мен басқа да тиісті уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ қаржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде бюджеттік бақылау кең мағынада айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0