Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді. Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 4-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы 8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді......
Әкесі елу тоғызға шыққалы бері Адалдың қатты мазасы кетіп жүрді. Әйелінің әр сөзі дұрыс та болса, оған инедей қадалады. Өсіп, алды он беске, арты беске келген үйелмелі-сүйелмелі жеті бала жақындап жанына әкелеп келсе, оларды да маңына жолатпады. Несіне жолатады? Өзін апарып жардан лақтыратын, өзінің ажалы солардың бірінің қолына екенін біле отырып оларды қалай жақсы керуге болады. Әкесі болса бар шаруаны тындырады. Мұның табанына кірген шәңге менің маңдайыма қадалсын дегеннен басқа байқұс шалда не жазық бар еді. Бірақ хан жарлығы солай, «алпысқа келген атаңнан ақыл сұрама!» Бұл ойын біреуге тіс жарып айтуға болмайды, оны зәушайтан біреу-міреу біле қойып жеткізер болса, ертесіне-ақ әлде тура, әлде қайқы қылыш көтерген жасауылдардың жетері хақ. Сонан соң жаның жаһаннамға кетті дей бер. Басың алмадай домалап көкжендет алдында жатады. Міне, жыл тез етіп барады. Енді біраздан кейін Адал әкесімен біржола қоштасады. Өзі қолымен жардан лақтырып өлтіреді.
Байқұс Ақыл шал да соңғы күндері өзінен өзі шөжіп, торы еттен ажырап, тамақты татып алмайтын болды. Кемпірі қазанға толтыр ұйытқан, қасық тік тұратын қой қатығының бетін сыпырып әкеп шал алдына қояды. Қазандағы айранның қаймағын келін сыпырып алып қарашұнақ балалардың біріне беріп қоймауы үшін таң рауандап к еле жатқаннан тұрып, зар қағады. .....
Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылын өркендетуге басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін жеткізу көзделіп отыр. Жер жүзінде адам саны көбейіп, соған байланысты тамақ өнеркәсібін өркендету мәселесі күрделі міндет болып тұрғанда, құнарлы жерлердің көлемі жыл сайын азайып, шөп – шабындық кеміп, мал көбінесе қолға қарайтын болғанда егін шаруашылығын өркендету, одан жыл сайын сапалы мол өнім алу – аса маңызды міндет болып отыр. Егін шаруашылығының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орында (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік облыстарының бәрінде дерлік күшті және қатты бидай өсіріледі. Онсыз сапалы нан пісіру мүмкін емес және оны шет мемлекеттерге алтынға балап сатуға болады. сондықтан Қазақстанда жылына 15,5-17,5 млн тонна сапалы бидай өндіру жоспарлы меже саналады. Қазақстан Республикасында астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарылып отыр, олар еліміздің барлық жерлеріне кең таралды. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор және астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған және автоматтандырылған. Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астық көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Астық өнімдері тамақ өнеркәсібінде шикізатпен, мал шаруашылығын күрделі жеммен қамтамасыз етуге әліде жетіспейді. Сондықтан республикамызда 2000-2010 жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты бағыт деп есептеліп, әр адам басына жылына 1,5 тоннадан астық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем де жеткілікті болмақ. Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір – түкпірінде тасымалдауға қолайла, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. ....
Кіріспе Қазіргі таңда оқу процессінде дәстүрлі зертханалық стендтердің орнына заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады. Бұл технологияның мәні күрделі және қымбат аспаптар мен олардың эквиваленттерінің орнына нақты ақпаратты құралдарды өңдеушілердің бірі виртуалды өлшегіш аспаптарды құрастыруда қолданылады. National Instruments өнеркәсіп кәсіпорыны болып табылады. Қорыта келетін болсақ, физикалық және ақпараттық бірыңғай кешен құрамын біріктіріп, нақты моделдеудің кең мүмкіндіктерінде толық функционалды зертхананы құру болып табылады. Қазіргі уақытта мәліметтерді жинау технологиясы өте кең таратылған: ғылыми-зерттеу қосымшалардан бастап әр түрлі сынақтар мен өнеркәсіптік автоматтандыру есептеріне дейін жүреді. Виртуалды іс-тәжірибе құру қағидаларына жауап беретін National Instruments компаниясының LabView бағдарламасы болып келеді. LabView немесе Laboratory Virtual Instrument Engineering Workbenсh (зертханалық виртуалды аспапты өңдеу ортасы) мәліметтерді жинау және аспатармен басқаруға арналған стандартты құрал ретінде өндірісте, білім беру орталықтарында және ғылыми-зерттеу зертханаларында кең қолданылатын графикалық бағдарламалау ортасы. Сонымен қатар, LabView компьютерлік модельдеуді қоса отырып, кез-келген есептердің барлығын дерлік шығаруға жарамды, бағдарламалаудың қуатты құралы болып табылады. Оның «виртуалды аспаптары» нақты объектілермен және де олардың математикалық модельдерімен де жұмыс істеуге қабілетті. Мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін ғалымдар мен инженерлер PCI, PXI, Compact PCI, PCMCIA, USB, FireWire шиналары бар, сонымен қатар тізбекті және параллельді портты дербес компьютерлерін қолданады. Мәлiметтер жиынының көп құрылғысы компьютерге тiкелей бекiтiледi және мәліметтерді тікелей оның жадына жібереді. Есептер қатарында ДК-ге Ethernet желісі немесе тізбектей және параллельді порт арқылы қосылған мәліметтер жиынының жойылған құрылғылары қолданылады.....
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1]. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес. Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].....
Көмекші мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік қажет етеді. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты. Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптасақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами.......