Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының экономикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржының ролі
Ең біріншіден қаржы түсінігі туралы айтатын болсақ , онда қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үдерісіндегі экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржы өндірісті тұтыну қажеттіліктеріне сәйкес икемдеу, шаруашылық саласында үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне мүмкіндік беру үшін қажет. Қоғамдық қажеттіліктерінің артуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі ақша қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруіне әкеледі. Қаржысыз өндірістік қорлардың кеңейтілген нысандағы жеке және қоғамдық өндіріс айналымын қамтамасыз ету, экономиканың аумақтық және салалық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді жедел енгізуді ынталандыру және қоғамның басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес.
2003ж-2005ж арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламаны қабылдар қарсанындағы үш жылды қатарына «ауыл жылдары» деп жариялаған атақты жолдауында Елбасы құжаттың мақсаты мен маңызын айқындап берген болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Республикалық бюджет есебінен 150 млрд.теңге қарастырылып, әр жыл сайын бөлінген қаржы көлемі 9-10 млрд.теңгеге өсіп отырады деп жоспарланды. Сондай-ақ бағдарламада белгіленген барлық шаралар өз нәтижесін беріп отыр. Кодекс жүзеге асырыла бастаған өткен жылдың өзінде ғана екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығына 125 млрд. теңгенің несиесін құйды. Ал оның алдында банктерден біздінң сала үшін 1 млн.теңгенің несиесін алудың өзі үлкен мұн болатын Сондықтан аталған бағдарламаның маңызын республикалық бюджеттен бөлінген 150 млрд.теңгемен ғана есептеуге болмайды. Оның тигізген пайдасы бұдан әлдеқайда зор. Өйткені осы құжатта белгіленген шараларды жүзеге асыру арқылы саланың әлеуметтік қуаты арттырылады. Ауыл шарушылығының тиімді жүйесі құрылып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Құжаттың сондай-ақ саланы жаңа техникалармен жарақтандыруға , оның бәсекелестік қабілеттілігін арттырып, ішкі рыногымызды жаулап алған импорттық өнімдерді ығыстыруға, экспортына қарай бағдарлануына үлкен көмегі тиді. Осы үш жылдың ішінде бұл сала, мемлекеттік лизинг арқылы алынғаны, шаруашылықтардың өздерінің сатып алғандары бар, жалпы жиыны 4380 комбайнмен, 3490 трактормен, басқа да көптеген ауыл шаруашылығы техникалармен байыды. Республика облыстарында 14 МТС құрылып жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы осы үш жылдың ішінде ауыл адамдарының тұрмыс – тіршілігі жақсара түсті. ....

Рефераттар