Жыр ауылы төре би ғып Абайды, Махамбетпен ата жауын сабайды. Сәкенменен толтырады қуысын, Ілияспен бір жыртығын жамайды. Дүрілдеген той боп жатыр жерімде, Әбділдә отыр бір дастарқан төрінде. Осы арада гәуһарың да, інжу де,.....
Кез-келген мемлекетті алып қарасақ, сол мемлекеттің негізгі экономика саласы болып белгілі бір сала ғана болады. Ауыл шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі. Елбасы 2002 жылдың Қазақстан халқына жолдауында алдағы үш жылды «Ауылды қолдау жылдары» деп жариялап, оны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттерді нақтылап берді. Ауыл шаруашылығының экономикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғалы біршама даму көрсеткіштері мен құлдырауларды басынан өткерді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында “2003-2005 жылдары ауылды қолдау, мемлекеттік саясаттағы басымдық болады” деп жариялады. Жолдауда көрсетілген ең басты өзекті мәселе ретінде әлеуметтік-экономикалық әрі саяси мәселелерді шешуде, саяси-экономикалық, құқықтық, демографиялық және ғылыми қамтамасыз ету көзделген еді. Әрине осының ең басында ауыл мәселесі тұр. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізін құрайды. Қазақстандық азаматтардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті ауыл шаруашылығын қолға алып, нақты тұрғы да көтермелеп, жағдайын жасамасақ, тиімді экономика жасау мүмкін емес. Соңғы кездері атқарылып жатқан реформадан, ауыл өмірі тыс қалып отыруда. Ауылдағы кіріс деңгейі экономиканың басқа саласымен салыстырғанда, ең төменгі дәрежені көрсетіп отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2003 жылы ауыл тұрғындарының 42 проценті өмір сүру деңгейінен төмен кірісті қанағат тұтқан. ....
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi. 1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.....
Қазақтың берекесі мен қуанышын,қайғысы мен мұңын бірге бөлісетін,жақсылығыңды мақтап,жамандығыңды бетіңе басатын ағайынның,он шақты ұл ,моншақты қыз өсірген,шаңы мен түтінінің иісі,қымбат әтірдің иісіненде асып түсетін ауылдың қадірі мен қасиеті кереметқой! Міне ,арман қуып қалаға кеткен әрбір қазақ өз ауылын,бабадан мұра болып қалған қара шаңырақты сағынбасына кім кепіл? Ауылдан адам кетседе,адамнан ауыл кетпейді деген осығой!
Ауылым алтын бесігім! Неліктен ауыл мен үшін алтын бесік?
Қазақтың шығысында ойып тұрып орын тепкен Тарбағатай ауданың Зайсан көл маңында орналасқан Байтоғас ауылының қара домалақ баласы үшін,яғни мен үшін ауылдың орны бір бөлек.Ең алғаш кіндік қаным тамып,ең алғаш көйлегім тозған елдің қадірі мына мен үшін ерекше.Қаланың өршіген қарбалас тірлігінен қарағанда,ауылымның тыныш жатқан көрінісі,жаныма рақат беріп,бар ауыртпашылығымды жоқ қылып жібереді. «Бісміллә» деп алғаш қадамым жасалып,тұсауым кесілген жер,былдырлап алғаш сөйлеген сөзімде,естен кетпес ағайын- туыстың келбетімен жарқын күлкісі осы алтын ұям,алтын бесігім-ауылымның төрінде! Мінеки,жоғарыда қойылған сұраққа жауап ретінде осы қанатты сөздерді ұсынамын!......
Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады. Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы — рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын турған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей: Біріншіден, ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес. Екіншіден, ерікті бәсекелестік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды....
Кіріспе Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады. Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады. Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады. Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.....
Бүгін тағы да түс көрдім. Таңғы арай. Мейірім толы бір таныс өлке өз-өзіне шақырады. Танауымды қарып өткен таңғы салқын ауа мұнша жылы сезілетінін кім білген? Жағасында сайран салып, құмнан соғылған қалашықтың ханшайымы сезінетін арғы беті көкжиекпен астасқан өзіміздің тып-тынық көл жағасында келе жатырмын. Менің балалық бал дәуренімнің бар естелігін, шад-шадыман күлкімді қойнауына сақтап қатпарлы жар әжімді қарт секілді күліп қарайды. Аяғы әсте тайып сонау басынан төменге дейін сырғанап құлап, сонан соң рахаттана күлетін балапан қыздың бойжетіп, өзіменен бой жарыстырып тұрғанына таңырқап қарайтын секілді. Қораздың ку-ка-ре--ку-лап шақырған жағына бет алдым.
Көтерілген күнмен таласа оянып, ауыл адамдары шаруасына кірісіп кеткелі қашан. Қой-ешкілерді шетеннен шығарып, көршілерімен шүйіркелесіп атам жүр. Немерелері көрпесін тартып алып, әдеттегідей әжем тоңып оянса да, "Нұрболым" (мінезі ер баланыкындей деп ер баланың атымен атайтын) деп ерекше махаббатпен иіскеп, шелегін сөмке секілді қолына іліп, мөңіреген бұзауларды енесімен табыстыруға бет алады. Жеңгем қайнатқан самауырдың кернеуінен будақтата шығып, масаханада тәтті ұйқыда жатқандарды түтін түрткілеп оятуда. Үйдегілер бірінен соң бірі сап салқын сумен бетін шайып үлкен дастархан басына жиналады......