1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет көрсету Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.....
Қазақстан республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.Оның бастысын атап айтатын болсақ 12.06.2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Қазақстан Респубикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады. Қазақстан республикасы Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің барынша әрі міндеті болып табылады деп көрсетілген. Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, өйткені мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің 90 пайызың салықтық түсімдер құрайды. Бүгінгі күні салық салу және салықтардың құрылымы бүкіл әлемге бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға көмек көрсету үшін, тиімділік пен тұрақтылықты ынталандыруы қажет. Ол үшін салықтық реттеуді тиімді, орынды жүзеге асыратын салық саясаты болған жөн. Ауылшаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер деңгейі төмен және де ол тек ауылшаруашылығындағы қайта өңдеуге шоғырланған. Басқа салалармен салыстырғанда ауылшаруашылығынан түскен салық соммалары минималды болып табылады. Ауылшаруашылығының салықтық төлемдері мемлекетке түсетін барлық салықтық түсімдердің шамамен 1% құрайды ....
КІРІСПЕ Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жағдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын 30-дан 20 дейін кеміту көзделуде. Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.....
Тақпаймын астананың бағына мін, Тұрмыстың ағымына бағынамын. Әйтсе де Көкті сүзген мүйіз үйді Көргенде Киіз үйді сағынамын. Асыққан уақыт бізбен кеңеспейді, Сағыну — менің шаруам емес дейді. .....
Кез-келген мемлекетті алып қарасақ, сол мемлекеттің негізгі экономика саласы болып белгілі бір сала ғана болады. Ауыл шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі. Елбасы 2002 жылдың Қазақстан халқына жолдауында алдағы үш жылды «Ауылды қолдау жылдары» деп жариялап, оны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттерді нақтылап берді. Ауыл шаруашылығының экономикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғалы біршама даму көрсеткіштері мен құлдырауларды басынан өткерді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында “2003-2005 жылдары ауылды қолдау, мемлекеттік саясаттағы басымдық болады” деп жариялады. Жолдауда көрсетілген ең басты өзекті мәселе ретінде әлеуметтік-экономикалық әрі саяси мәселелерді шешуде, саяси-экономикалық, құқықтық, демографиялық және ғылыми қамтамасыз ету көзделген еді. Әрине осының ең басында ауыл мәселесі тұр. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізін құрайды. Қазақстандық азаматтардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті ауыл шаруашылығын қолға алып, нақты тұрғы да көтермелеп, жағдайын жасамасақ, тиімді экономика жасау мүмкін емес. Соңғы кездері атқарылып жатқан реформадан, ауыл өмірі тыс қалып отыруда. Ауылдағы кіріс деңгейі экономиканың басқа саласымен салыстырғанда, ең төменгі дәрежені көрсетіп отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2003 жылы ауыл тұрғындарының 42 проценті өмір сүру деңгейінен төмен кірісті қанағат тұтқан. ....
Біздің ауыл ұя еді киелі бір, теңіз бойы, бұйратты жиегі қыр. Өнегелі ұл менен қыз өсіріп, шаңырағына құт қонған үй еді кіл. Жігіттері мәрт мінез, жаны сері жалғыз арман – ерім деп таныса елі. Бұрын біздің ауылда әр азамат бүкіл елдің ары мен намысы еді. ....
Желдің табиғи жету нәтижесінде жер беті қабатына түскен қар желдің әсерінен, қозғалады. Түскен қар түйіршігі қар жамылғысын ұру нәтижесінде жаңа көптеген бөліктердің қозғалысына әсерін тигізеді. Желдің күшейіп, қар қиыршықтарын, бір ауданнан келесі бір ауданға ұйытқыта ұшыра соғуын қарлы боран деп атайды. Жер қыртысының жоғарғы қабатының желдің әсерінен қармен үрленуі қарлы боранның бір түрі дефляция болып есептеледі. Ағылшын тілді еледерде дефляция сөзінің орнына жел эрозиясы термині қолданылады. Бұл термин осы жердің отандық мамандарының еңбектерінен алынған. Дефляция латын сөзі “deflare” – ұшыру немесе сөзбе – сөз құбылыс мағынасын береді. Эрозия сөзі де латын тілінен шыққан erodere – шіріту, шаю мағынасын білдіреді. Қарлы борандар қардың жауу, күшті жел және қардың үрлеу нәтижесінен болады. Қарлы боранның ұзақ уақытқа тасымалдануы қардың артық қорына, дефляция мүмкіндігіне, желдің күші және ұзақтығына байланысты. Қарлы борандар, қарды бір ауданнан келесі бір ауданға тасымалдап, оны тығыздау арқылы қар жамылғысындағы су ресурстарының біркелкі таралмауына және топырақтың біркелкі қатпауына себепші болады. Қар қиыршықтары горизантальды бағытта ұшып, көріну қашықтығын азайтады. Қарлы боранның нәтижесінде қар басушылық әсерінен автамобиль, темір жол қатынастарының және самалеттердің ұшып қонуы қиындап, қауіпті жағдайлар туады. Күшті борандар телеграфты және телефонды байланысты үзіп, жұмыс істеуіне кедергі туғызады. Сондай – ақ егістікке көктемде еріп, ылғалға айналатын қарды, сай салаға суырып әкетеді. Ұзаққа созылған қарлы боран отардағы малға да қауіпті. Жел жылдамдығы айтарлықтай күшті және дефляцияланатын материалдар жеткілікті болса, қарлы боран қардың түсуі кезінде немесе ол құбылыс болмаған кезде де байқала береді. Қарлы боранның тасымалдануының уақыттық ұзақтығы дефляцияға қабілетті қардың артық қорына және желдің күші мен ұзақтығына байланысты болады. Қар белгілі бір кедергінің айналасына жиналып, қардың көп мөлшері жинақталады. Кей кезде төселме беттің бірлік ауданына келетін қалыпты тығыздықтағы жауын-шашындар басым болады. Бұл жерде рельефтің әртүрлі формасына байланысты қардың аккумуляциясы болады. Үлкен дефляция аумағына қар жамылғысы жел әсерінен сыпырылып, грунт пен мұздың беттігінен толық жалаңаштанады. Алаңдардың екі түрін ажыратамыз: қардың таралу процесі немесе алаңның дефляциясының басымдығы және қардың жиналу процесі немесе алаңдағы аккумуляцияның басымдығы. Осы екі алаңның арасында қардың көшу алаңы немесе қардың тасымалдану процесі жатады. Яғни қар тасымалдану процесі дефляция мен аккумуляция процестерінің аралығын қамтиды. ....
Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ауыл өмірі туралы мағлұматтар алады және оларды естерінде сақтайды. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, үй жануарлары, үй құстары аудио – әңгіме, проектор, компьютер. Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ассоциация әдісі әңгімелесу, триз әдісінің элементтері. Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір
Тәрбиешінің іс – әрекеті І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Қайырлы күн, балалар! Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен. Бізге келсін қуаныш нұр іздеген .....