Қазақ тарихының , қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті , төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәнгі өлмес мұралар жасады. Оған мысал бола алатын «Орхон-Енисей жазбалары». Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген ескерткіштер , кесенелер , құлпытастар , зираттар, тенгелер және тағы сол сияқты материялдық мәдениеттер белгілі.Осындай ғажайып мұраның аркасында біз өз тарихымызды , тегімізді біліп отырмыз.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді. Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт - дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып дамыту, дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы. ....
Пән: қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Суреткерлік иірімдері Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.....
Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады. Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы 5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады. Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады. Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.....
Көтеріп сені батырып,көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім,сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім,сені мен арқалап жүріп айығам, Табанға кірген шегеден,миына қаққан сынадан. .....
Владимир Александрович Шаталов (8.12.1927 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) - ғарышкер-ұшқыш, авиация генерал-лейтенант (1975), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған. 1945 жылы Әскери Әуе күштерінің арнаулы мектебін, 1949 жылы ұшқыштардың Качинскідегі әскери училищесін, ал 1956 жылы Әскери Әуе академиясын (жұмыстан қол үзбей) бітірген. 1949-63 жылы Кеңес армиясының авиац. бөлімдерінде қызмет етті. 1963 жылдан ғарышкерлер қатарында. 1969 жылы 14-17 қаңтарда «Союз-4» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшып, «Союз- 5» ғарыш кемесімен (15 қаңтарда ұшырылған) топтасып .....