Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Ас атасы нан

Ең қасиетті ас – нан, ең қасиетті есім – адам
Жер тойынбайынша, халық та тоймайды.
«Ғасырлар даналығы»

Жоспар:
І. Кіріспе
1. Нан - қасиетті тағам
2. Нанның ұлылығы
ІІ. Теориялық бөлімі
1. Нанның түрлері
2. Қолдану, сақтау жолдары
ІІІ. Зерттеу бөлімі
1. Нанның пісіру жолдары
ІV. Қорытындылау
1. Тағамның ең асылы - нан
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты: нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп еңбек жұмсалатынын жеткізу, нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге баулу, сөздік қорларын арттыру
1. Кіріспе
Нан – біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе – ауыл шаруашылығының ірі саласы.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Бата-тілек: Үй иесіне бата

Шаңырағың шалқи берсін.
Керегең кеңи берсін.
Осы үйге ән - күй келсін,
Дұшпаның кеми берсін.
Дастарқанға береке берсін.
Күнде мереке болсын.
Қастық ойлағандар,
Қабағы ашылмай келеке болсын!
Әумин!

***
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйіңде,
Балаларың көп болсын!
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!....
Баталар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі әр түрлі тілдік амалдары

Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993].
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау – Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз.
«Атау кере» повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей «Атау кереде» жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің «Атау кересі» тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0