Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалар туралы оқу (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.2.2 мұғалімнің қолдауымен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.3.2 бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары:
Мәтінді іштей оқу, қажетті ақпаратты белгілеу
Көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ардагер атама хат!

Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі – Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге. Н.Ә.Назарбаев.
Сәлеметсіз бе, ардагер атам! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 71жыл толды! Яғни, мен 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатқан, ғылым мен техниканың белең алған заманының түлегі, сіздердің қан мен теріңізді төгіп, жаныңызды қалқан етіп әперген бейбіт заманның бақытты ұрпағы атынан хат жазып отырмын. Сіздердің алдарыңызда тізе бүгіп, балалық пәк жүрегіммен амандықтарыңызды тілеймін. Мен және достарым әр таңда күннің нұрына шомылып, ата-анамызға еркелеп, кең, дархан қазақ елінде туып, жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз – сіздердің арқаларыңызда. Соғыс! Сұрапыл соғыс! Қасірет! Қаншама ата-ана перзентінен, қаракөздер сүйіктісінен айырылып, бүлдіршіндер жетімдіктің азабына бесіктен белі шықпай жатып-ақ түсті.
1941 жылы жер жүзін өзіне бағындырғысы келген Германия баса көктеп кіргенде, сіздер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өлім мен өмірдің арасына түстіңіздер.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Хронология
3 Поэзиядағы алғашқы қадамдары
4 Шығармалары мен аудармалары
4.1 Поэмалары
4.2 Өлең үзіндісі
4.3 Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді
5 Дереккөздер
6 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты .....
Рефераттар
Толық
0 0