Көресіңдер, бөлінбейтін етемін мен құрлықты, Бәрін жинап, бұрын болып көрмеген жасаймын халық бір мықты. Керемет бір ел жасаймын, арасынан қыл өтпес .....
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген. Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында. Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді. Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі ....
Кейінгі кезде облигация ұрлау соншама жиілеп кетті. Пуаро, осы біз қылмыстың бетін ашумен айналыса бергенше, өзіміз неге кірісіп кетпейміз, — дедім мен қолымдағы газетті былай қойып.
— Сен немене, тез баюдың жолын нұсқап отырғаннан саумысың, достым?
— Жә, мына соңғы оқиғаны айтамын да. Лондон — Шотландия бірлескен банкісінің Нью-Йорктен жөнелткен миллион доллар тұратын облигациялары «Олимпиа» кемесінен адам түсініп болмайтын жағдайда ғайып болған.
— Теңіз ауруынан сескенетіндігім болмаса, Левергуэр әдісі бойынша, ұзағырақ жаттығу жасау үшін Ла-Манш бұғазы емес, мұхитты кесіп өтетін жаңағыдай алып кемелердің бірімен саяхат шеккен болар едім, — деп Пуаро армандап қойды.
— Иә, тамаша болар еді, — деп құптай кеттім мен оны. — Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, ресторандары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді.
— Ал менің теңізде келе жатқаным есімнен әсте шыққан емес, — деді Пуаро салғырт үнмен. — Сен саусақпен санап өткен ана ұсақ-түйек дүниенің маған майлап берсе де қажеті жоқ. Бірақ, достым, сен бір сәтке сол кемеде келе жатқан, өздерін жан адам білмейтін кемеңгерлерді көзіңе елестетіп көрші. Өзің айтпақшы, су бетінде қалқып жүретін сәулетті сарайлардың ішінен кейбір кезде қылмыскерлер дүниесінің мықтыларын да кездестіруге болады. .....
Осыған дейін мен қағазға түсірген уақиғаларда, мейлі ұрлық жайлы болсын, мейлі кісі өліміне байланысты болсын, Пуароның әрекеті ең алдымен негізгі айғақты тексеруден басталып, шегіне жеткенше тарқатылып, жүйелі желімен өрбитін. Ал әңгіме еткелі отырған мына жағдай бәрінен ерекшелеу. Мұнда уақиғалар тізбегі ең әуелі Пуароның назарына іліккен қарапайым ұсақ-түйектерден өрбіп, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін небір сорақы қылықтармен шектеледі.
Бірде кешкісін ескі досым Джеральд Паркердің үйінде отырғанбыз. Менімен үй иесінен бөлек тағы да бес-алты адам бар-тын. Әдетте Паркер отырған жерде әңгіме қалайда баспана іздеу мәселесіне қарай ойысатын. Бұл жолы да дәл солай болып шықты. Әңгіме арқауы Лондоннан пәтер іздеп табудың қиындығы жайында болатын. Баспана.іздеу, пәтер ауыстыру Паркердің үйреншікті кәсібіне айналған еді. Соғыстан1 бергі уақыт ішінде - ол ең кемінде бес-алты пәтер ауыстырған. Бір.жерге қонар-қонбастан және бір арзан үйге ықыласы ауып, дүние-мүлкін арқалап көше жөнелетін. Дегенмен әрбір көшіп-қону оған аз да болса пайда келтіретін. Ал шынына келгенде, пәтер ауыстыру енді оған пайда табудың көзі емес, күнделікті әдетіне айналып кеткен еді. .....
Сәлем бердік, Бейтаныс жолаушылар! Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар. Анау қырдың астында менің аулым, Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар. Менің үйім жылғаның жағасында, .....
Екі тәулік өткенді, Ата бүркіт аш қалды. Қия тартып бөктерді, Қия тінтті тастарды, Күз ығысып кетті енді, Қиямет қыс басталды. Азық табу оңай ма, Ақ иығын талдырды. Аңдар ытып тоғайға, .....