Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер Туған жердің топырағы, шақырады белдер. Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар, Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер. .....
Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.
Айқындалуы-ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.
Жезқазған. Жездінің бұл қатпарынан, Еліме иен ырыс ақтарылған. Осында жүр жастары, қарттары да, Қанышынан үйреніп, хат таныған. Хат таныған, Басына бақ дарыған. Жер асты - көгілдір тау, құлама жар, Жер үсті - көк тіреген мұнаралар. Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар, .....
Алатау, басың бәтес, баурың торқа. Туың ба, тұманың ба басың қалқа. Бала едім баурында өскен суыңды ішіп, Жерсітпес сен тұрғанда Сыр мен Арқа. Сен неге мелшиесің күнге қарап, Серуенге шықпайсың ба бойың тарап. .....
Ей, қылмыстылар түрмелерде қамалған, Кесілгендер өлімге, жанын жалдап, жан алған, Жазалылар Кісенделген темірмен, Неге мені соттамайды?! Артық еді менің нем .....
4 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар рейстер қалпына келеді. Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Бұл — сол әйелдің дәл өзі. Оған менің титтей де күмәнім жоқ!
Капитан Хэйдок досының сабырлы жүзіне бұрылып бір қарады да, күрсініп қойды. Оның «тек өзімдікі дұрыс» деп қасарысатын бірбеткей мінезін іштей ұнатпайтын. Теңізде өткізген көп жылдар кісі ісіне қол сұқпауды жақсы үйреткен еді. Ал қылмысты істерді тергейтін бөлімнің бұрынғы инспекторы, бұл күнде марқұм болып кеткен Эванстың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша болатын.
— «Істі қолға түскен деректерге сүйене отырып, тергеу керек» дейтін қағида — Эванстың жас кезінен бергі ұраны-тын. Келе-келе ол ондай деректерді өзі іздеп табатын дәрежеге де жетті.
Қылмысты істерді тергеу мекемесінің инспекторы Эванс ақылды, көзі ашық офицер болатын. Лауазымы да таза еңбегінің арқасында көтерілген. Тіпті бертінде, инспекторлық қызметтен біржола қол үзіп, ұзақ жылдар бойы армандаған саяжайға қоныс аударғаннан кейін де, сезімталдығы мен кәсіби түйсігі сақталған еді.
Бір көрген адамды жазбай танимын дегенді мақтанышпен, бірнеше дүркін қайталап:
— Иә, бұл сол Энтони ханымның дәл өзі. Сіз Мероудии ханым дегенде-ақ мен оны бірден тани кеттім,— деді.
Капитан Хэйдоктың мазасы кете бастады. Себебі, Мероудиндер оның ең жақын көршілері болатын. Ертеректе болған аты шулы оқиғаның бас кейіпкері мен Мероудин ханымның бір адам болып шығуы оны шынымен қатты толғандырған-ды.
— Ол оқиғадан бері талай жыл өтіп кетпеді ме?— деді бәсең үнмен.
— Тоғыз жыл болды,— деп, іле жауап қатты Эванс.— Тоғыз жыл, үш ай. Оқиға есіңізде ме?
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу; 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу; 8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу; 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін 〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 білу; 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу; 8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 ); Сабақ мақсаттары: Оқушылар: жазықтықтағы координаталар әдісі бөлімінде өткен тақырыптарды бекіту және бағалау; алған білімдерін есептер шығаруда қолдану.......