Шығарма: Аңсаған атамекен

Отан…Бұл сөз- әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным, ата-бабаларым туып-өсіп,туын тіккен жаныма жайлы киелі жерім, алтын топрағым - Қазақстаным. Бірақта жүрегімдегі бір өкініштісі сол киелі жерден алыста көрші елде, балалығымның, балдай тәтті шақтарын өз Отанымнан алыста өткіздім. Қанша алыс болсам да жүрегімдегі бір ғана арманым-Отаныма қайта оралсам екен деген ой болатын. Отаныма деген сағыныш қайта оралуымды жақындатқан сияты. Көрші елде басымнан көп киын жағдайлар өтті. Соның ішіндегі жаныма қатты тигені- менің тірегім әкемнің ол дүниеге аттануы. Әкемнен ерте ажрап қалғанымның бірден –бір себебі оз Отанымыз атамекенімізде тұрмағанымыз деп білем. Себебі көрші елдегі адамдар біздің отбасымызды ылғи да шеттейтін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жар есіне!)

Қиял - күш, ашу - батыр, ақыл - шабан,
Аймалап адал жүрек төнген саған.
Төрт бұрышын төңіректің шарласам да,
Сендей жар жанға жайлы қайдан табам?
Жас жүрек өз жұбайын таппады ма?
Адамдық ардан тайып аттады ма? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Салқам Жәңгір ханның баласы әз Тәуке хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды.
Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Бата-тілек: Жамбылдың батасы

Құдайым бұл үйге дұға берсін,
Тіл - аузын дұшпаныңның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары балалар туа берсін!

***
Бұл екі жасқа
Денсаулық, амандық беріп,
Ұзақ өмір берсін.
Адалдан бер,
Ақтан бер,
Пәле - жаладан сақтай бер.

Ер маңайын баққа бер,
Абырой асар жаққа бер,
Батпас күндей шат көңіл,
Жаңа қосақ жасқа бер.....
Баталар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Қыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде!
Көз жібердім мен де елге:
Сонда елімнің түрінен
Тастай болып түйілген —
Қаһармандық аңғардым,
Жау сазайын бергенге!
Жау тиді деп саспастан,
Аяқтарын нық басқан
Айбатынан көресің....
Өлеңдер
Толық
0 0