Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі. Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді. Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар. Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс. Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады. Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар. Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі.....
Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын. 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр. Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды.....
Біржола өлген ескі өмір тұмауратқан, Біржола өшкен ескі жұрт қылау жапқан. «Әулие тас» атанған жерге келіп, Басын жаңа қазақтар құрап жатқан... Асқар-асқар таулардың арасына .....
Шайқалып нұр, Маужыраған мамырдан май тамып тұр. Жайқалып қыр, Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр. Айталық сыр, Серуендеп, жүр қалқам, қайталық бір. Сырласайық, Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық, Қыр басайық, .....
Джек Гарингтон сөреден бастап доп барып түскен жерге дейінгі арақашықтық қанша екенін мөлшерлеп, оған көңілі толмай тұрған болатын. Доптың тұсынан арт жақта қалған сөреге көз тастап, екі аралықты көзбен тағы бір шолып өтті. Өңінен ызаланып тұрғаны байқалады. Бір күрсініп қойып, таяғын жоғары көтеріп, қатарынан екі рет соғып еді, бірінде таяғы бақ-бақты жұлып түсті де, екінші рет бұрқ еткізіп, бір уыс шымды қопарып кетті. Тек үшінші ретте ғана допқа таяғы дөп тиді.
Жасың жиырма төртке келгенде гольфты кемшіліксіз шебер ойнауға уақыт табу онша оңай шаруа емес. Өйткені бұл кезде уақытыңның көпшілігі күнелтудің қамына жұмсалып, ықыласың соған ауа бастайды. Аптаның бес жарым күнін Джек жұмыста, қаланың ортасындағы қызыл ағашпен қапталған еңсені басатын кеңседе өткізетін. Тек сенбінің екінші жартысы мен жексенбіде ғана қолы босап, жеке басының шаруасымен айналысатын. Әлгі ойынға құмартқаны сонша, қиналып жүріп, Стоуртон Хит гольф алаңының маңындағы бір кішірек қонақ үйден бөлме жалдап алды. Күнде ертеңгісін сағат алтыда тұрып, бір сағат жаттығу жасап, сегізден қырық алты минут өткенде жүретін поезбен жұмысқа үлгеретін. .....