Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасқырға)

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра-тұр, көрісерміз қанжығада.
Жатқанда ойда малым,сайда малым,
Есімде емін-еркін жайғағаның, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар перзенті)

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасырлар - Әкелер
Сенімді мұрагер көрмеген.
Бостандық,
Бақытты әперер
Перзентке зәру боп, шөлдеген.
Ғасырлар - Аналар
Сан рет босанып, толғатқан. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жылы)

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс

Отан тарихында орын алып отырған теориялық және методологиялық өзгерістерден Исатай Тайманұлы бастаған азаттық қозғалыс тарихының (1836-1837) сырт қалуы, әрине, мүмкін емес. Мәселеге жаңа көзқарас қозғалыстың жалпы мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оған түрлі бағыт-бағдарда қатысы болған тарихи тұлғалардың, тіптен әлеуметтік топтардың қызметін қамтуы әбден ықтимал.
Өзімізге жақсы таныс кеңестік тарихнама Исатай мен Махамбет бастаған қозғалыстың тарихтағы орнын Сырым Датұлы бастаған халық азаттық қозғалысының табиғи жалғасы ретінде қарап, ал оның мазмұнын "хандық, феодалдық жүйелерге және отарлық үстемдікке қарсы бағытталған күрес" тұрғысынан бағалады. Бұл берілген баға жалпы алғанда тарихи шындықтан алыс емес-тін. Исатай Тайманұлы қозғалысының шынымен де Сырым Датұлы бастаған күрестің логикалық жалғасы.
Исатай Тайманұлы бастаған және басқа да азаттық қозғалыстардың аса зор маңызы олардың жер және билік мәселесімен қатар ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман сұранысына сай етіп бейімдеу мәселесін де қоюында еді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Мінез періштенің оқиғасы

— О, мадам, мүмкін болса сізбенен бір ауыз тілдесуге болар ма екен?

Эднаның мұнысы сандырақ секілді болып көрінуі де мүмкін еді, өйткені ол, Мисс Марплдың қызметшісі-тін. Сосын басқа біреу емес Мисс Марплдың өзімен сөйлесіп тұрған болатын.

Таныс үнді естісімен Мисс Марпл ізінше: «Әрине, Эдна. Ішке кір де есікті жап. Не айтайын деп едің?» —деді.

Айтқанын екі қылмай есікті жауып, Эдна ішке қарай жылжыды. Алжапқышының бір ұшын саусақтарымен бүктеп, бір-екі рет жұтынып қойды.

— Иә, не айтпақшы едің, Эдна?—деді Мисс Марпл жігерлендіре.

— О, мадам, рахым өтінемін. Немере сіңлім Глэдистің жайы еді. Жұмысынан айырылып қалыпты ол.

— Қойшы, рас па? Онысы қиын болған екен. Ол қыз ана Оулд Холлда тұратын Скиннерлердің қызметшісі емес пе еді?

— Иә, мадам, дұрыс айтасыз. Глэдис байғұс абыржып, қатты қамығып жүр.

— Бұдан бұрын да Глэдис жиі орын ауыстырып жүрді ғой, солай емес пе?

— Дәл солай, мадам, орын ауыстырғанға әуес-ақ. Бір жерге тұрақтап істей алмайды. Бірақ бір қызығы, осыған дейін ол өз еркімен кетіп жүрген!

— Ал бұл жолы ше, керісінше ме?— деді Мисс Марпл салқындау сөйлеп.

— Иә, мадам, сосын ғой оның қатты ренжіп отырғаны. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Ғайып болған миллион

— Кейінгі кезде облигация ұрлау соншама жиілеп кетті. Пуаро, осы біз қылмыстың бетін ашумен айналыса бергенше, өзіміз неге кірісіп кетпейміз, — дедім мен қолымдағы газетті былай қойып.

— Сен немене, тез баюдың жолын нұсқап отырғаннан саумысың, достым?

— Жә, мына соңғы оқиғаны айтамын да. Лондон — Шотландия бірлескен банкісінің Нью-Йорктен жөнелткен миллион доллар тұратын облигациялары «Олимпиа» кемесінен адам түсініп болмайтын жағдайда ғайып болған.

— Теңіз ауруынан сескенетіндігім болмаса, Левергуэр әдісі бойынша, ұзағырақ жаттығу жасау үшін Ла-Манш бұғазы емес, мұхитты кесіп өтетін жаңағыдай алып кемелердің бірімен саяхат шеккен болар едім, — деп Пуаро армандап қойды.

— Иә, тамаша болар еді, — деп құптай кеттім мен оны. — Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, ресторандары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді.

— Ал менің теңізде келе жатқаным есімнен әсте шыққан емес, — деді Пуаро салғырт үнмен. — Сен саусақпен санап өткен ана ұсақ-түйек дүниенің маған майлап берсе де қажеті жоқ. Бірақ, достым, сен бір сәтке сол кемеде келе жатқан, өздерін жан адам білмейтін кемеңгерлерді көзіңе елестетіп көрші. Өзің айтпақшы, су бетінде қалқып жүретін сәулетті сарайлардың ішінен кейбір кезде қылмыскерлер дүниесінің мықтыларын да кездестіруге болады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы және биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды.
Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық .
Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады. Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0