Есімде әлі, Қарасаздағы диірмен. Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген. Есімде бәрі... Жылқыбай қарттың үйі де, Өзі де, диірмені де, Аппақ тозаңға киінген. .....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі А/И4. Шығармашылық жұмыс 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу Сабақ мақсаты: Айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.....
.Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек. Н.Назарбаев: ... Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан» Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды. Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті...
Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген. Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге кү....
Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық, саяси бірлігінде. Елімізді сақтасақ, қорғай білсек, кез келген сынақтар мен кедергілерден сүрінбей өтеміз. Н. Ә. Назарбаев.
Құрметті менің шетелдік досым! Мен бұл хатымда саған менің елімнің Қарулы Күштері жайлы айтпақпын. Менің елім қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан «Қазақстан» атты жас мемлекет. Өз алдына отау тігіп, көк туымыз асқақ желбіреп, Тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына, міне, биыл 20 жыл!....
Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, ресурстарды өніру көлемі,орташа еңбекақы мөлшері және тағы басқа көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндеттердің бірі – республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны динамикалық қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, динамикалық қатарлар қоғамдық құбылыстардың өзгеруін уақытқа байланысты сипаттайтын статистикалық сандар қатарын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық динамикалық қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылстардың даму, өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекеттіздің басқару орындарында динамикалық қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі. Осы мақсатқа сәйкес жұмыс өз алдына келесідей міндеттерді қойып отыр: Маусымдық индекс туралы түсінік беру және оның қолданылуын, артықшылығы мен кемшілік жақтарын қарастыру; «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының экономикалық – шаруашылық қызметін сипаттау; «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының өніміне маусымдық индекс бойынша талдау жүргізу; «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының өніміне 2007 жылға болжам жасау. Жалпы курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде алған тақырыбым бойынша маусымдық индекс ұғымына түсінік беру және оның қолданылуын анықтау, артықшылығы мен кемшіліктері көрсетіледі. Маусымдық индексті анықтау үшін «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамы өнімінің бір түрін алдым, ал жалпы акционерлік қоғам туралы және оның экономикалық- шаруашылық қызметі туралы курстық жұмысымның екінші бөлімінде қарастырып өтемін және Көмірның үш жыл көрсеткіші арқылы квартал бойынша маусымдық индексін есептеп көрсетемін. Акционерлік қоғам өніміне 2007 жылға екі әдіс бойынша яғни, мультипликативті және аддитивті әдіс бойынша болжам жасадым. Осы жоғарыда айтылғандардың барлығын зерттеп, оқып, талдап, есептеу барысында курстық жұмысыма қорытынды жасаймын. Осы жұмысымның барысында алып отырған Көмірның маусымдық индексін анықтау мен есептеуді толық ашып көрсетуге тырысамын. ....
Алматыдан ертеңгі сағат онда шыққан жолаушы таситын қарашы ГАЗ-51 машина Нарынқолға бет алып зулап келеді. "Көртоғайға кіре асфальт бітіп, тас жол басталды. Жүгінің жеңілдігінен бе, машина шоршақтай береді. Машинада бар болғаны төрт-ақ адамбыз. Екіқабат жап-жас орыс әйелі, екі студент, редакцияның шұғыл тапсырмасымен келе жатқан мен.
Қыс. Кегенге келсек, алай-дүлей боран екен. Асханаға біраз аялдап, сағат төрттің шамасында жүрмекші болдық.
— Баллоныңның бедері бітіпті, оның үстіне ебің де жоқ екен. Байқа, таксиші! Маруся бүгін ашулы, өшін алып жүрмесін. Аяғы ауыр әйел бар екен. Бірімізді біріміз сүйрелеп біз әзерге астық — деген шопырлардың ескертпесіне біздің шопырымыз құлақ аспады.
— Маруськамен бұрыннан таныспын, бірдеме ғып келісе жатармыз, — деп, ол жолға шықты.
Қар аралас боран ұйтқып тұр. Міне, "Марусяның тауы" деп аталатын жұмбақ асуға да жақындадық. Боран жолға қар үрлеп тастапты. Машина ышқына тартып, ыңырсып келеді. Шопыр бір жылдамдықтан бір жылдамдыққа ауыстырып тыным таппайды.
Асудың ортан беліне келгенде, машина қақалды да қалды. Біздер жерге түсіп, далбасалап, итеріп көмектескен болып едік, онымыздан нәтиже шығар болмады. Күн кешкіріп барады, боран әлі толастар емес. Әрі жақ бері жақта қылт еткен қара көрінбейді. Мысы құрыған шопыр амалсыздан кері қайтпақшы болып машинаны шегіндіріп еді, бір де бедері қалмаған жалаңаш баллон сырғанап барды да, жол шетіндегі омбыға түсіп, шоңқиып отырды да қалды. Оған да шүкір, әйтпегенде машина аударылып, сайға түсіп, быт-шыты шығатын еді.
Мәселе қиынға айналды. Осы боранда Кегенге қарай кері жаяу баруға мүмкін емес. Аяғы ауыр әйелді қайттік?! Ыза кернеген шопыр: "Тфу! Вот тебе... Маруська!" — деп, машинаны шыр айналып жүр. Істер айласы жоқ
Әрдайым Пуаро екеуміз бастан өткерген жан түршіктіретін сан оқиғаның ішіндегі ең сұмдығы Мен-хер-Ра патшаның зираты табылып, алғаш қазыла бастаған кезде бірінен соң бірі іле-шала опат болған бір топ адамның ісін тергеген кезіміз болар деп ойлаймын.
Лорд Карнарвон Тутан-хамонның зиратын ашқаннан соң, көп ұзамай-ақ Сэр Джон Уиллард пен Нью-Йорктық Блайнер мырза Каир қаласынан онша қашық емес жердегі Гизе Пирамидаларының маңайында қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Күтпеген жерден олар бір топ бейітке тап болды. Бұл көптің назарын аударған үлкен жаңалық еді. Ашылған Мен-хер-Ра дейтін патшаның зираты болып шықты. Мен-хер-Ра байырғы патшалық дәуірі өтіп, ыдырай бастаған кезінде билік еткен, Сегізінші Династияға кіретін, тарихта ұмыт қалған патшалардың бірі болатын.
Тарихтың осы тұсы көмескілеу қалғандықтан газеттер ашылған жаңалық жайлы жан-жақты жаза бастады.
Көп ұзамай көпшіліктің назарын аударған бір уақиға сап ете қалды. Аяқ астынан жүрек ауруынан Сэр Джон Уиллард қайтыс болды. .....