Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және «Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика

Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік, танып-білуге құмарлық, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Арай ЖҰМАТАЙ | Өнермен өрілген өмір

Жақында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Кескіндеме және мүсін», «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен жазушы, ғалым Жұмабай Қайрамбайдың «Өнермен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға Байтұрсын Есжанұлы, Тұрдақын Жексенбай, Керімбай Қыстаубаев, Аман Құлбаев, Бауыржан Байділда сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.


Жиын барысында автор аталған еңбекті жазудағы басты мақсатына тоқталды. Кітаптың жарық көруіне белгілі суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, профессор, Қырғыз Ұлттық Көркемсурет Академиясының академигі Жұмақын Қайрамбаевтың өмірі мен өнері арқау болған. Кітаптың бас кейіпкері Италиядағы ірі сурет көрмесінде өз туындысын таныстырғанда, шетелдік суретшілер қазақ халқында мұндай өнер мүлде болмаған деп таңданысын білдіріпті. Сонда суретші мүдірместен ата-бабаларымыздың ерте ғасырдан-ақ тасқа қашап сурет салғандығын айтқан. Осы оқиғаны тілге тиек еткен Жұмабай Қайрамбай: «Қазақ ертеден өнерлі халық. Кітапта кескіндеме, сурет өнерінің қыр-сырына үңілдім. Оқырмандар, жастар осы өнерге қызығып, дамытамыз десе, құба-құп», – деді. Кескіндеме өнерінің кеңінен танылуына үлес қосқан суретшінің көркем шығармалары еліміздің мұражайларымен қатар, шетел қорларында да сақтаулы.


Іс-шараның екінші бөлімінде «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Тұрдақын Жексенбай: «Жұмақынның тілі жеңіл, сөз байлығы мол. Əрбір жастың ой-өрісін көркем əдебиет жетілдіреді. Ал қолымыздағы кітап қазақтың кесіндеме өнерін насихаттап қана қоймайды. Сондай-ақ, өрелі өнерді өнегелі сөзбен жеткізетіндігін» айтып, жинақтың тұсауын кесті.
Жиын соңында ақын Маралтай Райымбек жыр оқып, əнші Рамазан Стамғазиев «Екі жиренді» нақышына келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс

Жүзіңіздің іштей жайнауы - сымбатты көрінудің бірден-бір әдісі. Бұл үшін сыртқы күтім де, ішкі жан дүниенің тазалығы да керек.

Сонымен назарларыңызға жүзіңізді жайнататын 5 әдіс.

Ғашық болыңыз

Ғашықтық сезімі ағзамызда небір қызық процесстер бастайды. Мысал үшін, дофамин мен окситоцин шығарылады. Бұл бақыт гормондары теріні қоректік заттармен байытып, оны жайнатады.......
Кеңестер
Толық
0 0