Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстандағы коммерциялық банктерді басқару мәселелерін жетілдіру жолдары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Фирманың басқару саясаты

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Қазіргі кездегі әлемдегі көптеген елдердің экономикасының даму барысында персоналмен жұмыс атқару саласындағы мәселе ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Осы мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған елдерде негізгі жалпы үрдіс төмендегідей болып отыр: кадрларды іріктеу әдістері мен рәсімдерінің формализациясы, оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін даярлау, басқару персоналына қажеттілікті талдауда ғылыми көзқарас таныту, жастар мен келешегінен үміт күттіретін адамдарды өсіру, кадрлық шешімдердің арттырудың негізділігі және жариялылығы, шаруашылық және мемлекеттік шешімдерді кадр саясатының негізгі элементтерімен байланыстыра білу.
Осы жалпы үрдістер біздің тәуелсіз Қазақстанымызда да нарықтық экономиканың қалыптасу барысында өндірісті басқаруда ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қарекет тиісті басқару әдістерін талап етеді. Ерекшелік қасиеттері бола тұра, бұл әдістер кәсіпорындарда ендігі қолданылып жүрген әдістер секілді жүйеленген, ұйымдастырылған және мақсатқа бағдарланған болуы керек......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы

Кіріспе.
Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.
Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ӘРТҮРЛІ МЕНШІК ФОРМАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне, он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, — Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Стратегиялық жоспарлау және фирманы басқарудағы маркетингтік тәсіл

Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда.
Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі, инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік көмектің төмен болғаны белгілі.
Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған бағдарламалары халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті. Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің: «Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмыссыздың күре тамыры болуға тиіс» деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып табылады. Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларының қайсысын алып қарамайық, «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы көрсетілген жолдан ауытқымай, ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
 қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;
 жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
 материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
 жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы бүгінде дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.
Курстық жұмыс мемлекет теориясына, құқық теориясына негізделген. Курстық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2030 жылға дейін даму стратегиясы, Уваровтың «Мемлекеттік басқару теориясы» және Жоламановтың «Мемлекеттік және құқық негіздері» кітабы құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Ертеде банкирлер қаржылық құжаттарды теріден жасалған дорбаларда, яғни “портфель” деп аталатынында ұстаған. Қазіргі кезде қаржылық есеп құжаттар көрінбейтін бухгалтерлік электрондық есеп айырысулар түрінде болып жатыр, ал “портфель” деген термин сақталды. Яғни, бүгінгі таңда бұл банктің барлық активтер мен пассивтердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Портфельдік инвестициялардың мақсаты болып, инвесторлардың едәуір тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындардың, бағалы қағаздарға және сонымен қатар мемлекеттік пен жергілікті билік органдарымен шығарылатын бағалы қағаздарға салынған қаражаттардан максималды пайда табу. Портфельдік инвестор, тікелей инвесторларға қарағанда инвестицияланатын объект- кәсіпорындарға қатысты жақтық бақылаушының ұстанымына ие болады және көбінесе оны басқаруға араласпайды.
Әрі жоғары табысты, әрі жоғары сенімді, әрі жоғары ликвидті бағалы қағаздарды табу өте қиын. Әрбір бөлек қағаз ең көбі осы қасиеттердің екеуіне ғана ие бола алады. Портфельдік инвестициялаудың мәні, әртүрлі активтер топтарының арасында инвестициялық потенциалды тиімді бөлу болып табылады. Бастапқыда белгілі бір портфельдің қалыптасуында қандай мақсаттар мен міндеттер тұрғанына байланысты әртүрлі активтер типтерінің арасында белгілі бір пайыздық арақатынас таңдалынып, инвестордың портфель құраушылары болып келеді. Инвестордың қажеттіліктерін дұрыс ескеру және тиімді табыстылық пен мөлшерленген тәуекелді байланыстырып, активтер портфелін құрастыру -әрбір қаржылық мекемедегі менеджердің негізгі міндеті.
Сондықтан менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, портфельді басқару саласы біздің елімізде енді ғана дамып келе жатыр. Мұнда талдайтын, қарастыратын мәселелер өте көп, саланың даму барысы да қиыншылықтарға дұшар болуда.
Бұл тақырыптың өзектілігі де мемлекетіміздегі саланың жаңашылдығында яғни, портфельді қалыптастыруда қандай негізгі қағидалар, бағыттар және әдістер қолданатының жазып өтемін.
Бітіру жұмысым екі тараудан тұрады.Бірінші тарау портфельдік инвестициялаудың теориялық негіздері деп аталады. Мұнда мен жалпы дүниежүзілік тәжірибеде қолданылатын портфельдің типологиясы мен оны қалыптастыруда қолданылатын негізгі қағидаларын және мүмкін болатын тәукелдерді, портфельдің тиімділігін өлшейтін көрсеткіштер, портфельдің иммунизациясы мен оптимизациясын қарастыруды жөн көрдім.
Екінші тарауда, мен портфельдік инвестицияларды басқару барысында жалпы және біздің мемлекетімізде саланың дамуы ерекшелігіне байланысты туатын проблемаларымен,оларды шешу жолдарын іздестіруге тырыстым.
Бұл жұмысымды жазу барысында маған А.С. Шапкиннің «Экономические финансовые риски, оценка, управление портфельными инвестициями» (М, 2003), Лоренц Дж.Гитманның «Основы инвестирования» және Уильям Ф.Шарптың, Гордон Дж. Александер, Джефри В. Бэйли мен Майкл Д. Джонктың «Инвестиции», сонымен қатар «Энциклопедия финансового риска-менеджмента» А.А. Лобанов, А.В. Чугунова басқарумен шыққан, т.б. еңбектер көп көмегін тигізді. Осы жұмыста таңдаған тақырыпты барынша ашып көрсетуг ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы тәуекелін басқару «Қазақтелеком» АҚ филиалы

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0