Жоғары оқу орындарын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – IBM компьютері үшін жазылған MS DOS операциялық жүйесімен басқару арқылы жүргізілетін бағдарлама комплексі. Оперативтік жады – 450 кБайттан аспауы керек және міндетті түрде қатты диск болуы керек. Автоматтандыру құравмына келесі жүйелер енеді: 1. «Талапкер» - талапкер жайлы мәліметті және оқұға тусер алдындағы емтихан нәтижелерін автоматтандыруға арналған программа. Талапкерлер анкетасы бастапқы мәлімет болып табылады. Автоматтандырылған өңдеуге анкеталық деректерді енгізу және түзету, емтихан тапсыру және тестілеулерге арналған ведомость дайындау, әртүрлі белгілер бойынша талапкерлер тізімін жіктеу, есепке қосу, оларды баспаға шығару, сонюай-ақ сәйкес статистикалық мәліметтерді баспаға шығарулар жатады.....
Пайда алуы тек қана емес тұрақты экономикалық даму шарттарында маңызды мағына болады. Ердің құны болса да, сонымен қатар замандас экологиялық қауіпсіз өндіріспен басқару . Керек белгілеп қою, не үшін мынаның өндірістердің барлық түрлерінің қайтадан жабдықтауына жеткілікті айбынды инвестициялар керек, кетулердің өңдеуді және өздері алдын ала ескерді ең басты қызметі. Табиғатты қолдану – мынау бір басқару ең күрделі объектілерінен тұрыды. Сондықтан - маңызды мағына экологиялық процестермен және табиғатты қолдану экономикасымен басқару зерттеуінде болады. ....
КІРІСПЕ Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.....
КІРІСПЕ Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді. Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты. Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз. Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі — ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді. Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның ұйымдастыру мен басқару іс-әрекетінің дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы өзінің болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен, жалпы оқу үрдесі, типті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын шығарған өнімін оқырмандардың сұранымына, жаңа технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау басты мақсатымыз. Диплом жұмысының мақсаты — Кітапхана ұжымдары ерекшеліктерін зерттеу, олардың даму динамикасын және кітапхана қызметкерлері өзара қарым-қатынасы сипатын бақылау. Зерттеу міндеттері: — кітапхана саласын басқару мен ұйымдастыру процесінің теориялық аспектілерін ашу; — кітапхана ұжымын ұйымдастыру, басқару және жоспарлау процесіне жалпы түсінік беру; — кітапхана ұжымының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау; — кітапхана ұжымының әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның психологиялық ахуалы мен мүмкін болатын ішкі қақтығыстардың туу себептерін айқындау. Осыған орай, біз кітапхана ұжымын басқару тәсілдері мен оның жетекшілерінің мінез-құлықтарына бақылау жасап көрдік. Әрине, бұл мәселені толық шешуді біз өз міндетімізге алғанымыз жоқ, оны соңына дейін жеткізу мүмкін де емес. Сонда да болса, диплом жұмысының деңгейінде, шамамыздың келгенінше, кітапхана ісіне байланысты кейбір мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруға, өзімізден кейінгілерге ой тастауға әрекеттендік. Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу үстінде бақылау, ауызша және жазбаша сұраққа жауап алу, кітапханашылармен және кітапхана жетекшілерімен сұхбаттасу сияқты нақты әлеуметтік зерттеулер мен кітапхана ісін бақылаудың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылды. Сондай-ақ біз сараптама әдісін де қолдандық. Арыс ауданының ардагер кітапханашылары сарапшылар қызметін атқарады. Өз ұжымдарындағы кейбір мәселелер төңірегінде болған эңгіме мен сауалнама жүргізу кезінде олардың әділ баға бергенін атап айтқан жөн.....
Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік – экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды. Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді. Нарыққа өту кезеңінде басқару мәселелері түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, ондағы негізгі күштер сатып алушының тұтыныстарын қанағаттандыруға және фирма мен клиенттің арақатынастарының ұзақ уақыттық болуына арналады. Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет. Отандық өнеркәсіп орындарында маркетинг жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Бұл жағдай бірқатар объективті және субъективті себептермен түсіндіріледі. Олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады: нарықтық қатынастар дамуының төмен деңгейі; құқықтық және нормативтік заңдармен қамтудың жетіспеушілігі; нарықтық тауарлар инфрақұрылымның төмен деңгейі; кәсіпорында маркетинг қызметті алға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі; қаржының болмауынан туындаған қиындықтар; мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектелуі; маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелер деңгейде қолданылуы. Маркетингті жүзеге асыруға арналған еңбектер шетел тәжірибесін қолдануға бағытталған және біздің экономикалық жүйенің ерекшеліктері мен жағдайларын ескере бермейді. Маркетингтің негізгі заңдылықтары мен әдістері біріңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың барлық саласында қолданылады. ....
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз. Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр. Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр ....
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз. Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды. Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.....
Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады. Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді. Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. Жақсы білікті мамандарды өзіне тарту үшін кәсіпорын басшылары үлкен жалақы көлемін төлеуге және жаксы жағдайлар жасауға дайын.....
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді. Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және нысандары», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл бөлінген. Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.....
Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін, оның қызметінің нәтижиелігін дамыту қажет болды, ал ол үшін біз ең алдымен несиелік байланысты дамытып, қолдануымыз қажет. Жұмыс актуалдылығы: Қашан және қай кезеңде тәуекел пайда болуы мүмкін. Тәуекелділікті қарастырудың екі көз қарасы бар: 1) бірілік тәуекел, мұнда әр бір актив бөлек қарастырылады; 2) портфельді тәуекел, мұнда әр актив қандайда бір портфельдің бөлігі болып табылады. Белгілі бір көз қарас бойынша тек портфельді актив бар деп есептеледі, өйткені банктар өз активтерін диверсификациялауға тырысады, сондықтан әр активті бөлек қарастыруға болмайды. ....