Реферат: Экономика | Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы

Басқару еңбегі өнндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықталады.
Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді.
Еңбек заты – бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару.
Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болиайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Бас, қару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш-жігерін ұйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құрал ретінде - ұйымдық-техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады.
Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеументтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау

Кіріспе
Эскалаторлар 21-ғасырда жолаушыларды бір деңгейден екінші деңгейге
тасымалдаудағы транстпорттық құралдардың тиімді түрі болып табылады.
Эскалатор жолаушыларды өткізу ерекшелігіне байланысты көптеген
қоғамдық жерлерде пайдалынылады. Соның ішінде метро бекеттері. Метро
бекеттері терең орналасқандықтан және бір мезгілде жолаушылардың көбеюі
эскалаторды мүмкіндігінше қолдануды талап етеді. Және де эскалаторлардың
бір артықшылығы басқару жүйесінде сезгіш құралдар арқылы жолаушылар
жоқ кезде өшіп туруы, соның арқасында біз жұмсалатын электр энергиясын
бірнеше есе азайтамыз. Бұл дипломдық жобада қолданылатын жаңа
технологиялар эскалаторды басқаруға көптеген жеңілдіктер жасайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару қалыптасу жобалары

Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Альпинист


Шың басына шығыпты...

Шың басы — шыңылтыр аяз. Қар беті — қабыршақ мұз. Көк пен жердің арасы — кілкіген кілегей мұнар. Сол мұнар дүниеде таутекедей сексиіп жалғыз өзі қалыпты. Сол мұнар әлемде кеменің желкенсіз жалаңаш мачтасындай жетім шың жүзіп келеді.

Көлкіген мұнар ішінде, шаншылған шынар ұшында қарақшыдай қалқиып тұрған мұны мұң иеледі. Іле үрей биледі. Бойын суық тер басты. Ұлы биікте ауа жетпей, қос өкпесі қысылды.

Бұғалық түскен жылқыдай бөбежігі буындырып, жанары жарылардай шатынай бере оқыстан оянып кетті.

Қараңғы бөлмеде қара терге түсіп жатыр екен. Демін тереңнен тартып, көз үйретіп ұзақ жатты. Әлгінде ғана шың басын торлаған шаңыт әлем сансыраған санасынан жалқаулана сейілді.

Таң қараңғысы селкеу тартып, балкон жақтан бозғыл сәуле білінеді. Барыстай жымып балконға шықты. Көктемнің таңғы ызғары тәнін қарып, сергіп сала берді. Ол әлден уақта ас үйден апыл-құпыл ауқаттанып, тысқа шықты. Алматы ояныпты. Бір сәтке көк мұнар ішінде кемедей жүзген мұзарт шың мен шың басында жетімсіреген жұмбақ күйін есіне алды. “Бұл қай шың? Неге жалғыз? Түске де түрлі жайлар кіреді-ау!” деп автотұраққа қарай асыға адымдады.

Көктем туғалы, көңіліне жеңілтек қыздай жел кірген-ді. Алғашында жаз шықпай алаңдағанына жол болсын деп, өз-өзін тыйып тастауға тырысса да, алаң кірген сезімі асаусып, бастықпай-ақ қойған. Мамыр туып, жер жылысымен қарғын судай лықсып, алып-қашпа алапат сезімге ұласты. Бүгінде жар төсегін суынтқан таңғы сезім кешікпей байырқалы ойға бекіді. Өзін таудың шақырғанын түйсінді. Түйсінді де тіксінді...

Тап қазір құз кесіп, шыңға шырға салар мезгіл емес. Мазаң мамыр. Жылдың бұл айында күн қақтаған Африканың Килиманджаро төбесіне де адам атаулы аяқ баспайтын. Ал мұның асық көңілі қайда тартып тұр? Жер ананың төсіндегі Монблан мен Эверест тектес қос анарына да, ақ жал мен қара жал түсті жылқының шоқтығындай Аляска мен Кавказдың жалама жондарына да табаны тиген еді. Перғауынның пирамидасы іспетті Алатаудың Хантәңірісі мен боз бөрінің иесі текті Алтайдың Ақтауына да қонышы қажалған. Ендігісіне не жорық? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай Кентавр

Қара суықты қараша. Жалтаң қырға қара күз келіп, ықтасын тауға қоңыр күз түскен.

Тарбағатайдай тарлан тартқан кәрі керінің адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес бір пұшпағы. Терең шатқалдың жазда жел соқпас, қыста қар алмас күңгей қолтығында жетімсіреп жалғыз үй тұр. Төбесі шатырсыз, қара тастан қаланған еңселі, тоқал там. Маңайында боз талдан тоқылған шарбақты, таспен шегенделген қора-қопсасы бар. Бұл ұры қонысты тап төбесінен түспесең, жабулаған жылқыдай тани да алмайсың, таба да алмайсың.

Тау іші — тымық. Күн көзі — шуақ. Бар дүние балауыздай балбырайды. Биік бауырына бұққан тас үйге Тәңірінің көзі түсіп, күн нұры құйылған.

Тұғырлы келген тас үйде екі жан иесі ғана бебеу қағулы еді. Бірі — құлжадай еркек, бірі — құралайдай әйел.

— ... —

— Иә, Алла! Өзің жар бола гөр! Жанын қалдыра гөр! Жылбысқаны алсаң да, жарымды алма!.. Осы тілегімді бере гөр, Тәңірім! Әумин! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазіргі кезеңдегі басқару құжаттарының құрастыру мен ресімдеу талаптары

Кіріспе

Іс жүргізуде ұйымдастыру кәсіпорындағы іс қағаздарды жүргізу және оларды басқару жұмыстарының жиынтығымен сипатталады. Құжат дегеніміз кез келген кәсіпорындағы заңды немесе заңсыз тұлғамен толтырылған, арнайы басылып шыққан іс қағаздарына жазылған ақпараттар. Құжат жазбамен бірге туындады, алғашқыда мүліктік қарым-қатнас құралы ретінде кейіннен жазбаның дамуына байланысты, араласу құралы және ақпарат тарату арқылы қолданылды. Құжат адам ақыл ойының ең қажетті қоймасы болып саналады. Бұрыннан бері бізге әр түрлі жетті. Соның көмегімен, сол бұрынғы кездегі атомымыздың тарихын, тұрмыс ерекшелігін және әр түрлі қарым-қатынастарын біле аламыз.
Іс құжаттарын толтыру мемлекеттік стандартттарға сай орындалу, реквизиттердің дұрыс орналасуы болып табылады. Толтырылған әрбір құжаттың өзіне тән реквизиттері болады. Іс қағаздары басқару қызматіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет ету барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіруді, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты . Іс қағаздарын жүргізү – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Іс қғаздарын жүргізу – мекеме жұмыстарының нақты құжаттармен, деректер мен реттелеген, дәйектелген жүйесі.
XXI ғасырда тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірде үлкен өзгерістер болып жатыр. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қоғамдық қатнастардың барлық саласында жүзеге асыру. Қазқастан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезінде негізгі төрт бағытта іс шаралар жүргізеді. Соның бірі – ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезкң- кезең мен көшірудің нақты негізін жасау. Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізүге бет бұрды. Бұл үкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы – орыс тіліндегі нұқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіп орындарды мемлекеттік тілде іш жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру – бүгінгі таңда өткір тұрғын мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемлекеттік деңгейде енді - енді қолға алынып жатқан шара.
Қазақстан республикасындағы халықтар мәдиниетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің бір – бірімен қарым қатынасы негізделеді. Біздің мемлекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық саласында қолданылуына лайықталған бағыт ұстап отыр. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасындағы «тіл туралы» заң қабылданып, 1998 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Призиденттің жарлығымен оны жүзеге асыруды мемлекеттік бағдарламасы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазі¬ргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.
Экономикалық стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Казино


І

Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе жат емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек, дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ.

Жошы “Пирамида” казиносына кіргенде алдынан еліктей елеңдеп Есілай мен құмархана иесі лақса кәрі, бірақ қытайдың өмір ұзартар “адам шөбін” үзбей қолданудың арқасында ширақ қимылдайтын, жұдырықтай ғана бұхарлық жебірей шалы жымиып қарсы алды. Төс қағысқан амандықтан соң Жошы сұңғақ та сұлу Есілайдың бетіне ернін тақап, ыстық демі балғын жүзін шарпып, аман-саулықтың мезіретін істеді. Есілай “майлы клиенттің” шынтағынан еппен ғана іліп алып, қудың қауырсынындай қалқып, “орыс рулеткасы” — орыс бәсі дейтін аты шулы үстелге әкелді. Үстел басында бұл бұрын кездестіре қоймаған ығай мен сығай қыз-жігіттер отыр екен. Бұлар әйгілі “алтын жастар” ғой.

Көң құны көтеріліп кетіпті...

Көңілі көшеден нілдей бұзылып келген Жошының жыны құрыстады да қалды. Аптаның жұмасында ғана ойнайтын, басқа күндері бас сұқса — Есілай үшін ғана... Жұмада таныстары да жолығып қалатын. Бүгін тіпті жым-жылас. Зауқы соқпаса да көңге қомақты бәйге тікті. Ойынды бірақ ұзаққа созғысы келмеді, бір айналымнан қайырып, қызыл шараптан екі тартып, Есілайды қолтықтап жоғарыға өрледі.

Екеуі де қолтықтасқан күйі темір бағанға қысыр жыландай оралған бұрама сатының шыны табанын басқан. Бұл бір ұшар басын үшкілдей қосып, үшбұрыштана біткен төрт қабырғасын қос қабат көк әйнекпен жапқан, Мысыр пирамидасы үлгісімен көтерілген көшірме ғимарат еді. Ішіндегі мүлік-мүкәммалына дейін әйнектен жасалған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Құм мен Асқар

I

Түн. Қойлы ауылдың қотаны. Түн аспанының қақ жартысын қаптаған қара қошқыл, түйдек-түйдек бұлттар ауыл үстіне қарай төніп келеді. Шаңдақ жерден топырақ борады. Түңліктер желпілдеді, жел көтеріле бастады. Алыста найзағай жарқылдайды. Күн күркірейді. Жалт еткен жарық ішінде ауылдың жеті үйі көрінді. Қалың қойдың шет-шеті тұрып, сілкініп, қозғалақтап абыржи бастады. Ала төбет пен қара қаншық ауылды айнала жүгіріп, арсылдап үреді. Қотан ортасында ескі жыртық жабу үстінде үлкен жыртық күпі шекпенге оранған Райқан отыр.

— Е-е-й, һайт, — деп айтақтап қойды.

Үлкен үйде жертөсекте ұйықтай алмай аунақшып жатқан бәйбіше сексиіп басын көтерді. Желпілдеген түңлікке, сықырлаған уыққа қарады. Құлақ салды. Киініп тысқа шықты.

— Тоқалдың қасында албырап жатырсың-ау, — деді. Жөткіреді, айтақтайды. Күндестің үйіне қарап үн бере береді. Жұдырығы құрысып, жағы тістенді...

Екінші ақ үйде Райқанның айтағымен оянып, тұра бастаған Жексенге тоқал қарайды... Жексен үйден шыға бастады. Тоқал артынан есікке таман ере барып:

— Жас тоқалға бой ұрды, — дейді. Бай Райқанды табады. Бұлтқа нұсқап, ұйықтама деді. Жауап жоқ. Иығынан тартады. Райқан сыртымен отырып, ояу екенін білдіреді. Анау зекігенде басын екінші жаққа бұрып күрсініп, тізесіне тағы сүйенеді. Бай ашулы түспен үңіліп тепсінеді. Райқан құнысып, бүкшиіп, тоңғанын білдіреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0