Шығарма: Еліміздің аспанында азат күн

Соғыс -қантөгіс , кінәсіз адамдардың жапа шегуі және батырлардың біздер үшін , жас ұрпақтар үшін ,қазақ үшін ,қазақ даласы үшін өз өмірлерін қиюы.Соғыста ерлік көрсеткен батырлар өте көп.Мен сол батырлар үшін бас иемін. Соғысты батырлар жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсап,ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына қайғы-қасірет әкелді.Соғыста барлық қазақстандықтар Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен мәлім. Ел қорғауға қазақ батырлары белсен қатысып ,майданда небір ерліктерін ,үлгі өнегелерін көрсеткен.Соғыс кезінде барлығы майдан үшін , жеңіс үшін деп өшпес өнеге қалдырған.Ол сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Біз кең байтақ өлкемізді қаскөй жаулардан қорғауға тиіспіз.Сол соғыс үшін аналар күйеуінен,күйеулері әйелдерінен,әкелері балаларынан,балалары әкелерінен,ал біздің ел ақылгөй қарттарынан айрылды.Біз соғысқа қатысқан әр бір сарбазға бас иіуге тиіспіз.Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігін ойлауымыз керек.
Ұлы Отан соғысы 1417 күнге созылды. Сол күндер бойы батырлар бейбітшілік үшін күрескен.Біздің ардагерлеріміз соғысты көрген .Сол соғыста көрген –білгендерін жас ұрпақтарға,бізге үйретеді.Олардың тәлімтәрбиесін біз бойымызға жинап ,өскенде саналы болып өсеміз.Қазақтың ержүрек қыздары Әлия мен Мәншүк,қайсар ұлдары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаевтар батырлықтың , ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде? 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақтың мақсаттары: Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих| Алаштың алдаспаны

Бердіқожа батыр туралы біз не білеміз

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын.

“Батырлардың ішіндегі хас батыр ғана өлімнен қорықпаған, келер күн, ұрпақтың ертеңі деп найзасын көкке шаншып, шарқ ұрған солардың бірі ғана емес-ау, бірегейі Бердіқожа батыр еді ғой. Ол тек шанышқылының ғана емес, алты Алаштың, тұтас қазақтың қайсар, ер мінезді ұлы болатын. Әттең ... Осы күнге дейін бабамыздың жерленген жерін біле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ!” – дейтін қария. Со­дан кейін ол кісі бізге мейірлене көз тастап: “Ал, сендер, балаларым, алда-жалда батыр бабаларың туралы естіген-білгендерің болса – ұрпаққа естелік қалдырыңдар, зиратын тапсаңдар, басына барып дұға оқып, кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын біздің атымыздан салыңдар. Сонда бабаларыңның аруағы бір аунап түсері хақ!”, деп аталық аманатын айтушы еді. Бұл сөзді кейінірек Қаратай Тұрысов, Мекембай Омаров ағаларымыз да еске алып, қостап-қолдап, қуаттап жүретін.

Одан бері де көп уақыт өтті. Талай су ағып, бірталай дүние өзгерді. Ұрпақтың алмасуы, қоғамның ауысуы болды. Қайда жүрсем де ауыл ақсақалы аманат еткен сол бір сөз құлағымнан кетпей қойды. “Шанышқылы Бердіқожа батыр! Ол кім? Қандай батыр, несімен батыр болған? Неге шанышқылы деп тұтас рудың атын батырға қосарлап айтады? Қазақ еліне қандай еңбегі сіңген? Тарихта бар болса, жерін жаудан қорғаса, ерлік көрсетсе – неге есімі Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және тағы сол секілді батырлардың қатарында аталмайды? Зираты қайда? Ұрпақтары неге үнсіз?” деген сауалдар жан-жағымнан үздіксіз қаумалап, үнемі мазалап жүретін. Әсіресе соңғы кездері: “Неден бастау керек? Кімге бару қажет?” – деп жиі ойланатынмын. Мұның жауабы бір күні табылды.

2005 жылдың 22 шілдесі болатын. Қызметтен келіп, әдеттегідей “Егемен Қазақстан” газетін оқи бастадым. Онда филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің “Байғозы батыр” атты көлемді дүниесі жарық көріпті. Оқып отырып төбем көкке бір елі жетпей қалды. Таптым! Табылды!

Мақалада шанышқылы Бердіқожа батыр туралы ғалым – қаламгер ағамыз бір рет емес, үш жерде ерекше атап көрсетіпті. Төмендегі жолдарды жүрегім толқып, сірә, он-жиырма рет оқыған шығармын. “Байғозы батыр өз кезегінде ... керей Жарылғап, әлтеке Жидебай, шанышқылы Бердіқожа, шапырашты Наурызбай, уақ Баян, албан Райымбек сияқты батырлармен жорықтас жолдас, төс тигізген дос-құрдас болады. Осы орайда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сөзі еске түседі, – деп жалғастырады ғалым. — “Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, көкжарлы көкжал Барақ... шанышқылы Бердіқожа, сырым Малайсары... балтакерей Тұрсынбай, тарақты Байғозы, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай, Малай жәдігерден Жауғаш, Биғаш, бөрі тонды бөрте атты, бөрі бас Орманшы, ақсары Шотана, қозған Биікше мерген, қарауылшысы әлтеке Жидебай, уақ Баян. Бұл айтылған батырлардың бәрі де Ербекейше бұзау жарып батыр атанған емес, жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар...

Алтын қақпалы қорғанды бұзатұғын жолда сырым Малайсары да бар еді, шанышқылы Бердіқожа да бар еді, – депті Мәшһүр Жүсіп”.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақ тақырыбы:Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде
Оқыту мақсаты:5.2.2.3 – Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақ мақсаты: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астрономия негіздері
Сабақ тақырыбы: Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы,жергілікті,белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Шырақтардың шарықтауыдың не екеннін білу
• географиялық ендікті анықтау
• жергілікті,белдеулік және бүкіләлемдік уақытты білу........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 2-сабақ
Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақ мақсаты: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0