Ерте заманда аңшылықпен күнін көрген бір кемпір мен шал болыпты. Бірақ өмір бойы бір перзентке зар болып жүріпті. Күндерде бір күн кемпір жүкті болып, қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті болыпты. Бұл жолы ер бала туыпты. Сөйтіп, кемпір-шал баласының атын Самарқан қойыпты. Міне, осымен Самарқан өсіп, ержете бастайды. Әке-шешесі оны жанындай жақсы көреді. Ол бала өскен сайын ақылды болады. Неше түрлі өнер шығарады. Жасы толғаннан......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.....
Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы. - Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған. - Әкімшілік орналасуы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы). - Орталық усадьбаның орналасқан жері, мекенжайы, ....
Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады. Бұған дейін «Алға» - «Вперед» газеттерін қаржыландырып тұрған Екібастұз ауданының бюджеті нашарлай бастады. Міне, осы кезеңде Аманкелді Қаңтарбайұлы әлі ешкім ойға ала қоймаған тың қадам жасады. «Впередті» жауып тастап, «Алғаның» негізінде қала мен ауданға бірдей тарайтын қазақ газетін ашуды қолға алды. «Впередтің» жабылып қалуынан ештеңе жоғалмайтын еді, өйткені Екібастұз қаласында сол жылдары қалалық «Заветы Ильича», «Шахтастрой», «Ленинская Искра», «Угольный Экибастуз», «Огни Экибастуза» дейтін салалық орыс тілді газеттер бар. Редактордың бұл ұсынысын сол кездегі беделді, ұлтжанды азаматтар мен ақсақалдар - Адам Мұхамеджанұлы, Көбен Төлепбергенұлы, Серік Жақсыбаев, Нұржан Тишпаев, Іргебай Сатановтар құптап, қолдау жасағанмен бұл ниет басшылар тарапынан үлкен қарсылықтарға ұшырады.
Әйтсе де сол жылдардағы саяси оқиғалар, Одақта, оның ішінде Қазақстанда Компартияның таратылуы басшы қызметтерде отырғандардың бетпердесін өзгертуге душар етті. Иә, әділдік салтанат құрды, аудандық, қалалық кеңестің «қазақ газеті ашылсын» деген шешімі шықты. Өлкетанушы, белгілі қаламгер, экономика ғылымдарының кандидаты Серік Имантайұлы Жақсыбаев жаңа ашылғалы отырған газетке «Отарқа» деген тарихи маңызы бар атты ұсыныпты. Оның мәнісі былай: бірде Бұқар жырау бабамыз Абылай ханға: «Ордаңды уақытша басқа жерге көшір»,- дейді. Сарыарқаны, әсіресе Көкшетауды қимаған хан бұл сөзге немкетті қарайды. Сол кезде Қытаймен арадағы жағдай қатты ушығып тұрса керек, Бұқар содан сақтанған ғой.
Сол сақтығын ханға:
...Бұрынғыдай бай ел деп,
Отарқада қалмаңыз,
Шүршіт келсе жарамас,
Ай-түйіңе қарамас,-деген екен.
Ұлы жыраудың Сарыарқаны Отарқа атауы тегін емес. Серік Имантайұлы: «Сарыарқа аймағы тас көмірдің үстінде тұр. Тас көмір – от, екі бірдей алып электр стансасы да - оттың үстінде тұр, сондықтан газетті «Отарқа» деп атау керек» деген уәжді сөзі құпталып, ақыры 1991 жылдың желтоқсан айының аяғында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне тіркеліп, тәуелсіз елдің алғашқы қарлығаштарының біріндей болып, Екібастұздың тұңғыш «Отарқа» атты газеті дүниеге келді.
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай? Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілерді, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризмге және рекреацияға арналғанобьектілер ретінде эколигиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. ....
Туған ел! Қайдан сендей жай табылсын? Ақының асылыңды айта білсін. Сарыарқа! Басқа алтынға қызықпаймын, Сен менің шексіз алтын байтағымсың. Көріндің маған ыстық өзің бірден, Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.......
Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.
Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.
- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?
- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...
Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....
I Кіріспе Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ. Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді. Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. . Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді.....