Реферат: Экономика | АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Акционерлік қоғамнан біз коммерциялық ұғым түсінеміз,жарғылық капитал негізінен нақты бір акция санына тең,қоғамға қатысушылар,қоғамға қатысты міндеттемелік құқықтарын куәландырады. Акционерлер қоғам міндеттемесіне жауап бермейді және өз қызметіне байланысты тоқырау тәуекелін өз мойнына алады.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады,өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушылары бойынша жауап бермейді.Құрылтайшылар акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша қоғамның жарғылық қорына салынған салымның толық төлемеген жағдайда олар салығының төленбеген бөлігі шегінде ортақ жауап береді.
Акционерлік қоғам – заңды тұлға және өзінің жеке мүлкінің еркін балансын есептей отырып жеке мүліктік емес және мүлікті өз атынан жүзеге асыруға қажет әр-түрлі қызметтің түрлері бойынша азаматтық құқық пен міндеттеме алуға болады. .[1]
Акционерлік қоғам қызметі бағалы қағаздар мен акцияның іс-әрекеті нәтижесінде пайда алуға бағытталған 2005 жылға дейін акционерлік қоғам – жабық және ашық болып бөлінеді.
Қатысушылары - өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімісіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам(ААҚ) болып табылған. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқықтары болған еді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгілденген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғамды Жабық акционерлік қоғам(ЖАҚ) болып табылған. Жабық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономикалық ақпарат жүйелері артықшылық үшін қолданылатын ақпараттық технологияны пайдалану

Қаржы секторының өзі нарықтың әлемдік экономикалық өзгерістеріне барынша сезімталдықпен қарайтын сегменттерінің бірі. Соның ішінде Қазақстанның қаржы секторы халқаралық қаржы жүйесімен көбірек интеграциялаанған себепті ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда әлемдік экономиканың құбылыстарына көбірек байланған.
Сондықтан осы қаржылық дағдарыстардың алдын алып, үйлестірілген саясат жүргізу үшін 2007 жылдың аяғында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігі қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша мемарандумға қол қойған болатын. Желтоқсан айында Ұлттық банк ақша-несие саясаттының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын мақұлдады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 7,9-9,9% және 2009 жылы 7,5-9,5%көлемінде ұстап тұру болып табылады.
Әлемдік экономиканың келеңсіз үрдістерінің мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қысым дәрежесін азайту үшін Үкімет елдің әлеумменттік- экономикалық дамын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар енгізіп жатыр. Бұл қатарда елбасының қатысуымен былтырғы қазан айында болған кеңесте «Қазына» қоры мен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 2007 және 2008 жылдардағы республикалық бюджеттен елдің ипотекалық рыногын қолдау үшін 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінгенін айта кетуге болады. Басқаша айтқанда, ол тұрғын үй құрлысын қаржыландырады. Сонымен қатар, ол үлесшілердің құқын қорғауды қамтамасыз етеді.
«Салықтар және басқада міндетті төлемдер туралы» кодекс 2002 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның тұжырымдамасы халықты салық жүйесімен әділ қамтамасыз етуге бағытталды және оның тұрақтыллығы мен ықтималдылығы анықталған, салық салмағының барлық категориядағы салық төлеушілерге теңгерімдігі қарастырылады. Бірақ кейінгі жылдары кодекске енгізілген толып жатқан өзгерістермен толықтырулардың кесірінен ол көптеген жеңілдіктер мен преференцияларға толып кетті. Мәселен, қандай да бір мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы оған қатысушыларға салықтың преференциялар берумен қосарланып отырды. Ерінбегендердің бәрі де Салық кодексіне сілтеме жасай отырып, өзгеруіне әйтеуір бір жеңілдіктер мен преференциялар талап етті. Соның салдарынан 170-тен артық преференциялар мен жеңілдіктер пайда болды.ал экономиканың нақты секторындағы салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мүлдем шаршады. Шынында да, Кодексенгізілген кезден бері оған 60-тан арттық өзгерістермен толықтырулар енгізілген екен. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа Салық кодексін әзірлеуді талап етті. Мен оған өзгерістермен толықтырулар жылына бір-ақ рет енгізілгені дұрыс дер едім. Жыл бойына түскен ұсыныстарды жинап және жүйелеп негіздегеннің нәтижесінде Парламентке енгізілетін жаңа заң жобасын әркім емес, депуттатардың бастамаларынан басқа экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі ғана дайындауы керек....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Этил спиртін өндірісте алу жолдарының артықшылықтары мен кемшіліктері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көміртек және оның қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Этил спиртін өндірісте алу жолдарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Оқу мақсаты: 10.4.2.29 этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Этанолды әр түрлі жолдармен алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру дағдысын дамыту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0