Арман - мақсат сияқты. Бірақ арман мен мақсат екі түрлі. Мақсат дегеніміз - мақсатына жету, аңсағанына жету. Ал арман өзінің үлкен болғанда қандай кәсіп иесі болатынын, қандай зат алатынын. Әркімнің өз мақсаты, арманы болады. Мысалы, менің мақсатым өзіміздің үлкен үйіміз болса. Ал арманым үлкен болғанда - әнші болу. Досымның мақсаты бай болу, арманы дәрігер болсам дейді.
Бала күнімнен журналист болуды армандаймын. Арманыма жету үшін асығамын. Жақсы журналистке нендей талаптың үдесінен шығу керек дегенде менің түсінгенім : ең әуелі алдыңдағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек. Қарақан бастың қамынан гөрі ел мүддесі, халықтың тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында тұруы тиіс. Менің журналистика саласындағы мақсатым: «Жүрген жолы әрдайым нұрлы істер, Қаламың мұқалмасын журналистер!»-дегендей, жаңалықтың жаршысы болып, көрерменнен(оқырманннан,тыңдарманнан) алты сағат алда жүремін. Өз қызметімді жемісті атқару үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетімді толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, батыл, әділ қасиетіммен таныламын. Жеке бас мәдениетімді сақтап , мәселені терең білуге талпынамын. Өмірде әртүрлі жағдайға кездесетіндіктен,......