Назарбаев заңсыз иемденген баспананы банк қызметкерлерінен тартып алуды тапсырды

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшылары Президенттің сынына ілікті.

Фото: total.kz
Фото: total.kz

Ақордада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің" басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев банкте тәртіп орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, "басшылар иемденіп кеткен пәтерлер қайтарылсын" деп қадап тапсырды.

Өз кезегінде Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін құрудың мемлекетке келтіретін пайдасы жайлы баяндады.

Айтуынша, қаржы ресурстарын басқарудағы синергия есебінен жыл сайын 15 миллиардқа жуық теңге үнемдеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, Президент "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысын саралады.

Бұл жайлы есеп берген Премьер-министр Серік Ахметов тапсырмалардың жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және үнемі бақылауда екенін айтты. Президент "ЭКСПО-2017" көрмесіне қаржыландырудың қосымша көздерін тартуды ұсынды. Алаңның әр азаматқа қолжетімді болып, оны аралап шығуға мүмкіндік жасалуы тиіс деді.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi деп мәлімдеді "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы Саясат Нұрбек.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)

Менің Отаным – Қазақстан. Мен осы елдің азаматымын деп мақтаныш сезіммен айта аламын. Өйткені, менің желбіреген көк Туым бар, бойыма қуат күшін беретін Әнұраным бар, аты жаһанға танымал Елбасым бар! Жетпіс жылдан астам Кеңестер Одағының құрамында болып, өз бұйдамыз өзгенің қолында болса, бүгінде Тәуелсіз елдің тумасымын, егемен елдің ұланымын. Біздің еліміз – жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған .......
Шығармалар
Толық
0 0

Бұл қазақты ешбір дұшпан ықтырмас..

Жетер енді тамырлас.. Сөзіме құлақ түріп, байыппен ғана ойымның парқына барар сәтің келген сықылды. Ләзім істің еншісі деп қабылдағайсың.. Саясаттың сардары екенсің, бірер түйткілді ескерерсің мүмкін. Путиннен бастап - әлем тұрмысын шарладың кеп, айналып келгенде өз Нұрекеңді балағаттайтындай не көрінді? Қарның ашса - Назарбаев, киімің тарылса - Назарбаев, өзгеден тепкі көрсең - Назарбаев, тіпті сүйіктің екі көзіңді бақырайтып тастап кетсе де - Назарбаевты.....
KZ
Толық
3 -2