Сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарының атауы сөз тiркестерiнiң басқа категорияларына қарағанда кейiн қалыптасты. С.Аманжоловтың грамматикасында сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарлары деген атау жоқ. Автор көбiне ондай терминнiң орнына: бастауыш пен баяндауыштың байланысы, толықтауыш пен баяндауыштың байланысы, анықтауыштың анықталатын сөзiмен байланысы, пысықтауыштың пысықталатын сөзiмен байланысы, деп, олардың сыңарларын сөйлем мүшелерiнiң байланысы тұрғысынан баяндап, сөз тiркесiнiң өзiн сөз таптары мен сөз таптарының тiркесi тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерiнiң тұрғысынан қарастырады Автордың еңбектерiнде сөз тiркестерi мен сөйлем мүшелерiнiң жiгiнiң ажыратылмауынан, түптеп келгенде, сөз тiркесiне тiкелей қатысты басыңқы, бағыныңқы сыңарлар елеусiз қалған. Негiзiнде сөз тiркесiне қатысты әрбiр термин, оның негiзгi қасиеттерi қай уақытта болса да арнайы зерттеудiң объектiсi болуы керек. Сөз тiркесiнен негiзгi мағлұматты 1939 жылдан бастап С.Аманжолов және оның шәкiрттерi жазған қазақ тiлiнiң синтаксисi кiтабынан ала аламыз және ол үлкен роль атқарады, сонымен бiрге, мұнда авторлардың сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары туралы пiкiрлерi толық келтiрiледi. “Басыңқы сөзiнiң қай сөз табынан болғанына қарай сөз тiркесi екiге бөлiнедi: есiмдi тiркес және етiстiктi тiркес. Басыңқы сөз зат есiмнен, сын есiмнен, кейде үстеуден болған тiркестi есiмдi деймiз. Мұндай тiркестiң бағыныңқы сөзi зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiктiң есiмше, тұйық етiстiк, - мақ, -мек жұрнақты түрi болады”- деп, әсiресе, есiмдiк басыңқы сыңарлардың қай сөзтаптарынан болатынын және бағыныңқы сыңарда жұмсалатын сөз таптарын көрсеткен [1. 60б]. ....
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.2.1 Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну. 2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын тұтастай түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын еркін түсінеді. ....
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ] Күкірт ангидридінің, меркаптандардың, көміртегі қос тотығының және күкірт көміртегінің қасиеті мен адам ағзасына әсері
Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік! 14.12.2013, 23:14 Күкірт ангидридінің, меркаптандардың, көміртегі қос тотығының және күкірт көміртегінің қасиеті мен адам ағзасына әсері
24. Күкірт ангидриді (күкірт газы, күкірт қос тотығы) SO2 - өткір иісті түссіз газ. Қайнау температурасы - 10о C.
25. Ауаға қатысты тығыздығы – 2,2; судағы ерітіндісі қышқыл болып келеді.
26. SO2 тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді; ең көп қосылымы олардың жөтел, қырыл,тамақтың, кеуденің ашуы мен ауруы, жас ағу, мұрыннан қан кету түрінде талаурауына әкеледі. Тұншығу, бас саңылауларының қысылуы болғанда өлімге әкеледі.
27. SO2 иісінің сезілетін шегі – 3 мг/м3. Тамақтың тітіркенуі 20-30 мг/м3 қосылымда болады, көздің тітіркенуі – 50 мг/м3, 60 мг/ м3 қосылымда мұрын жарылып, түшкіру, жөтел байқалады, 120 мг/м3 небәрі 3 минутқа қана шыдай алады, 300 мг / м3 тек 1 минут шыдайды.
28. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт ангидридінің ШРҚ – 10 мг/текше м, елді мекендердегі күкірт ангидридінің ШРҚ: орташа тәуліктік – 0,05 мг/м3, ең жоғары бір реттік – 0,5 мг/м3.
Стресс - кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл - ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету қабілеті. Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады. Адам организміне әсер ету күшімен байланысты стресс күшті және орташа болып бөлінеді. Біздің байқағанымыз күшті стресс организмге зиян, ал, орташа көп жағдайларда пайдалы болады.
Стресс түрлері
Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа - тек тітіркендіргіш әсер еткенде қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді. Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын психологиялық факторлар).
Психикалық және эмоционалды стрестер оның өте күшті түрі жаттығулық әсер етпейді. Олар адам организміне әрқашан да зиянды.
Стрестің даму сатылары Стресс бірнеше сатыда өтеді. Бұл сатылар организмнің сыртқы ортаның ұзақ әсеріне жауабын сипаттайды.....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Өнер Тақырыбы: №13-сабақ Мәтіндерді салыстыру. Сөз таптарын пысықтау Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады: - сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; - тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады Оқушылардың көбі жасай алады: - қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; - тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады Оқушылардың кейбірі жасай алады: - қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; - мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі....
Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1954 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. 1971 ж. орта мектепті бітірген соң колхозда әртүрлі жұмыс істеді. 1972-1974 жж. әскери борышын өтеп оралған соң, туған ауылында еңбек етті. 1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) профессор Асқар Тоқпановтың шеберханасында оқып-бітірді. Сол жылдан бастап М. Әуезов театрында қызмет етеді....
Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды. Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.....