Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. ....
Туған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемде тәуелсіздіктің дәлелі ретінде алтын бедері бар көк байрақтың желпілдегеніне де міне 15 жыл толайын деп қалды. Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің өсіп, дамуына аз шаралар жасалған жоқ. Заң мәселесі де бұдан шет қалмақ емес. Жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай — 1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата заңымыз конституцияның қабылдануы. Осы конституция негіз болып, еліміздің заң ғылымдары мен заңдамасында көптеген ірі-ірі бастамашылық идеялар жүзеге асырылды. Азаматтық істер жүргізу қүқығы да осы тізімнен белді орын алғандай. 1999 жылы 13-шілде күні Қазақстан Респуликасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексі қабылданды. Бұл кодексте азаматтық істер жүргізу мәселесіне қатысты барлық жағдайлар көрініс таптық десек, артық айтпағанымыз болар. Бұл бітіру жұмысында қарастырылып отырған мәселе — тараптар. Азаматтық процессте іске қатысушы түлғалардың ішінде тараптардың ерекше орынға ие екені даусыз жайт.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің отбасым және достарым» Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажырату Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерді түсінеді; мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді; мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді және қолдана алады; мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады және өздері талдай алады.....
Карантин режимі көпбалалы отбасыға қалай әсер еткені, оннан астам мектеп оқушысы бар үлкен жанұяда онлайн-сабақ қалай өтіп жатқаны туралы отағасы Мұрат Қабылбаев айтып берді
Ақмола облысы Кенесары ауылындағы он үш баласы бар Қабылбаевтар отбасының карантинде қалай өмір сүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді. ......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айту Сабақ мақсаттары: Оқушылар өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айтады.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің отбасым және достарым» Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды. Көптеген оқушылар: мұғалім көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды Кейбір оқушылар: өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды. ....
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады. Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: ─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу; ─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау; ─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. ─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді. ─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді. Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: № 3-сабақ Сөз таптары Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: -мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; -сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады; Оқушылардың көбі: -мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді -сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады; Оқушылардың кейбірі: -мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; -сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі; ....