Пән: География Бөлім: Картография және геоинформатика Сабақтың тақырыбы: Сараптама әдісі Оқу мақсаты: Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану; Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну Сараптама әдістерін біледі. Қолдану Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолданады. Талдау Географиялық үдерістер мен құбылыстардың өзгерістеріне сараптама жасайды.....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр. Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда. Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген кемшіліктері бар екендігін көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін педагогикалық қызметті дамыту үшін мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды қалыптастыратын механизімдерді іске асыру қажет Диплом жұмысының мақсаты: осыған орай біз өз дипломдық жұмысымызда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму тенденциясын жан – жақты талдауды, оның тәжірибеде алатын орнын мақсат етіп қойдық. Зерттеу міндеттері: - білім беру жүйесінің жай-күйін аңықтау; - қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметін зерттеу; - мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін арттыру; - білім берудегі ақпараттық технологияларды іске асыру. Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің динамикасы болып табылады. Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары, білім беру технологиялары, типтік бағдарламалар және оқу жұмыс жоспарлары. Дипломды зерттеудің әдіснамалық негіздері: Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері: М.В Лебедева, О.Н.Шилова, Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова, А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер, В.А.Каймин, А.П.Шестаков т.б. Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген ғалымдардың еңбектері Қ.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бержанов т.б.....
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Информатика 9-сынып
Мазмұны
1- тоқсан «Ақпаратпен жұмыс жасау» бөлімі Тақырыбы: Құжаттармен бірлескен жұмыс «Компьютер таңдаймыз» бөлімі Тақырыбы: Программалық қамтамасыз етуді таңдау Тақырыбы «Компьютер құнын есептеу»
2 токсан «Деректер қоры» бөлімі Тақырыбы «Деректер қоры» Тақырыбы «Электрондық кестеде деректер қорын құру» Тақырыбы «Ақпаратты іздеу әдістері» Тақырыбы «Деректерді сұрыптау және сүзгілеу»
3 тоқсан «Python (пайтон) программалау тілінде алгоритмдерді программалау» бөлімі
4 тоқсан «Python (пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру» бөлімі
КІРІСПЕ Жек тұлғаны қалыптастырудың елеулі факторы болып санала отырып, білім беру мазмұны бір мезгілде жалпы өркениеттік дамуда маңызды рөл атқарады. Үшінші мыңжылдықта білім беруді ізгіліктендірумен және технологияландырумен әрі ақпараттық-қатынастық технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты білім беру саласы түбірлі өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі күннің әлеуметтік мәдени жағдаяты мектепке дейінгі білім берудің алдына жаңа ақпараттық кеңістікке бейімделуге қабілетті әлеуметтік белсенді тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің әмбебеп инновациялық технологияларын іздестіру міндетін ұсынады. Мектепке дейінгі жас – азаматтық сапалардың алғы шарттары қаланатын кездегі тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезең, баланың адамдардың әлеуметтік шығу тегінен, нәсілдік пен ұлттық қатыстылығынан, тілінен, жынысынан және діни құлшылық етуінен тәуелсіз оларды еркін таңдауға, құрметтеу мен түсінуге қабілеттілігі мен жауапкершілігі қалыптасады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім берудің алғы шарты тек белгілі бір білім жинағын қалыптастыру ғана емес, және де тұлғаның базалық қабілеттерін, оның әлеуметтік және мәдени машықтарын, экологиялық түрде мақсатқа лайықты мінез-құлық негіздерін, салауатты өмір салтын дамытуға саяды.....
Кіріспе Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да басты назарда тұрады. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде тілдің басты қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шет тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процессімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуі салдарына байланысты. Шетел тілі біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогресінің іс жүзіндегі факторына айналып, бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан кезде ендігі жана буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдерін жақсы білуі — уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге үйрету. Оқушыларды сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі немесе бірнеше адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбтелеу пәнді оқытуды түбегейлі түрде өзгерту, жаңарту арқылы іске асады. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат әдіскерлердің, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлуді талап етеді. ....