Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.
719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.
Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.
"Балқаш-Қарағанды" тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды.
Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков мәлімдеді.
"13 тамыз күні таңертең "Балқаш-Қарағанды" автожолының шетіндегі "Вираж" мейрамханасы маңында, Құрма ауылынан 2 шақырым жерде, Балқаш қаласына бара жатқан "Фольксваген Пассат" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысып қалды. Ауди көлігін Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны басқарған", - деп хабарлады Жанатай Сембеков.
ЖКО салдарынан "Фольксваген Пассат" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Ал 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға оқиға орнында көмек көрсетілді. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісіне де сол жерде медициналық көмек көрсетілді, ал 23 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылды.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Республикамыздың аумағында кездесетiн мол табиғат ресурстары тиiмдi және тиiмсiз жолдармен игерiлiп келедi. Әcipece қазба байлықтарды өндiру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндiрiстерiнде кен қазғанданда табиғат орасан зор зардап шегедi. Оның үстіне елiмiздегi полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады. Семей өңiрiндегi сынақ аймағының радиоактивтi заттармен ластану деңгейi өте жоғары. Осы аумақта шоғырланған 154 өнеркәсiп орнынан жылына 294 мың т улы химиялық заттар қоршаған opтaғa таралады. Мәселен, Семей қаласы бойынша ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы жөнiндегi көрсет¬кiштерге көңіл бөлсек, мыс-100, хром-100,қорғасын-100, мырыш-300, кобальт-50, никель-50 есеге артқан. 1990 жылғы мәлiмет бойынша, Қазақстан аумағында ядролық қару сыналғaн жердiң көлемi облыстарда: Ақтөбеде - 4207,5, Атырауда-1635,3, Шығыс Қaзaқстанда-11,1, Жамбылда- 2576,1, Қарағандыда - 4900, Батыс Қазақстанда - 1558,8, Орталық Қазақстанда - 19,6, Maңғыcтayдa - 21,4, Павлодарда - 717,0, Oңтүcтiк Қазақстанда - 8,1, Шығыс Қазақстанда - 941,2 мың га жердi қамтыған. Аталған облыстарда 50 жылдай бойы Ресейдiң әскери ведомостволары 500-ге жуық ядролық сынақ жасап, 20 млн га шұрайлы жердi жарамсыз еткен. . Батыс Қазақстан аумaғында 1966-1979 жылдар аралырында 24 ядролық қapy сыналған. Сынақ Maңғыcтay облысында 3 рет, Батыс Қазақстанда 4 рет, ал Атырауда 17 рет жасалған. Соның iшiнде ең ipici Азғыр полигоны ғана 61 мың га жердi алып жатыр.3ерттеу нәтижелерi бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы көбейiп, цезий - 137, кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғaсын - 80, нитрат – 88 есеге apтқaн. 1988-1991 жылдар аралығында тек қaнa Тайсойған поли¬гонында 24000 зымыран сыналып, 30 мың т жанармай жaғылған. 1994 жылы 5 шiлдеде және 27 қазанда апатқа ұшырaған "Протон" зымыран тасығышынан бөлiнген гептилен уы Қарағанды облысының жерiне орасан зор қауiп төндiрдi. Оның зардабы елi белгiсiз болып отыр. Қазiргi кезде Қазақстан жерiнің 33,6 млн га жерi әскери полигондардың кecipiнeн бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумaғында барлығы 16 млрд т радиоактивтi қалдық жинақтaлған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының - 190 га, Қарaғанды облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3 га, Оңтүстiк Қазақстан облысыньщ 2 га жерiн алып жатыр. Мұны Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары мен олардағы қазiргi қалыптасқaн жaғдайлар келтiрiлген фактiлер арқылы көруге болады ....
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды......
Пән: География Қысқа мерзімді жоспар: Гидросфера тарауы Сабақ тақырыбы: Су апаттары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Су апаттарын анықтайды және оның алдын алу шараларын ұсынады. (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде). Сабақ мақсаттары: 8.3.3.7. Су апаттарын анықтайды және оның алдын алу шараларын ұсынады. (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).....
Көптеген елдерде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шағынының өсуі салдарынан қозғалысты ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматмасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жол қозғалысы қауiпсiздiгінің негізгі мақсаты: жол-көлiк оқиғаларынан жарақаттану мен өлiм-жiтiмдi төмендету. Негiзгi мiндеті: адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру. 2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту Осы мәселелердің тиімді шешіміне қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Су апаттары №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады Сабақ мақсаттары: су апаттарының салдарын білу......