“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт-қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ¬дар¬ламасына байланысты Пре¬зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт¬кіш¬терді жаңғырту жұ¬мысы ерек¬ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс... Ол жұмыстар¬дың біт¬кен¬¬нен кейінгі тағдыры қандай бол-мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша¬шық тас¬тап кетеміз бе?”, – деп, қын¬жыла ескерткен болатын.
Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүр¬гізілген археологиялық жұ¬мыс¬¬тарға көңілі толмайтыны ай¬қын аңғарылады. Алайда Елба¬сы¬ның сол ескертпесін қатаң бас¬шы¬лыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха¬мед Кішібеков: “1969 жылы Ал¬маты облысының Есік қаласы¬на жа¬қын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын
өмір сүрген “Ал¬тын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Еги¬пет¬тегі Тутанхамоннан кейін¬гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07). Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екін¬ші үлкен ғылыми жаңалық¬қа” лайық ұлттық шара жасай ал¬ған жоқ едік. Енді, міне, “Мә¬дени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көле¬мінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың!
Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойлас¬тыр¬ған жөн. Ол үшін ең әуелі, ме¬ніңше, Президент айтқандай, мұ¬ның “құрылыс емес, ғылыми жұ¬мыс” екенін есте ұстау қажет. Сон¬дықтан, қорық-мұражайды са¬лу жұмысымен қабат оның ғы¬лы¬ми-зерттеу жағын да тереңде¬туге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде таны¬тып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті кө¬мегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз.
Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға кел¬тірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бес¬шатыр келесі жағында жатыр. Қа¬зір ғалымдар екеуін де сақ дәуі¬рі¬нің ескерткіші дейді. Бес¬ша¬тырда ғалым К.Ақышевтың ай¬туынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл ара¬лығында ғалым Кемал Ақы¬шев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұра¬ды: дәліз, ауызғы бөлме, қа¬бір”, – дей келіп ( “Ертедегі ес¬керт¬¬кіштер елесі”. Алматы, 1976. 31-бет)., “Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиг¬ра¬хаудалар тобына жататын тай¬па¬лардың қасиетті герросы бол¬ған¬дығына (патшалары мен кө¬сем¬дерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды (Сонда, 38-бет). Алайда, ол обаларда зерт¬тейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жат¬қан тастар мен топырақ қана қалған.....