Сара Алпысқызы Назарбаева Үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Сара Назарбаева Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды. Бірінші ханым небәрі бес жасында анасынан айырылып, сәбидің махаббатсыз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. "Бөбек" қорының дүниеге келуіне де осы нәрсе себепші болған. Бірінші ханым Нұрсұлтан Әбішұлымен қалай танысты? "Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — дейді бірінші ханым.....
Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.
Бүкіл халық жиналған соң, хан:
— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.
Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады. Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады. – Егер де бір кім ерсе, Молдаға бір сиыр берсе, Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, – деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр берсе, бір күнде байып кетпеймін бе? – деп ойлап кетіп, әйеліне ақылдасса, әйелі: – Ойбай, салып берме, – десе де, жігіт әйелінің тілін алмай, сиырға жіп тағып әкеліп, молдаға береді. Молда дұға қылып, бетін сипап: – Алла тағала саған менің сиырымдай алпыс сиыр береді, –дейді. Молда дегені болған соң әлгі жақсы сиырды бітеу қораға қойып, көркейтемін деп жемдейді.......