Реферат: Тарих | Алматы қаласының болашағы

Әлемдегі көптеген елдерде осы секілді мегаполистер бар. Мысалы: Австралияда - Сидней, Қытайда – Шанхай, ал Түркияда – Стамбул. Бұл мемлекеттердің елеулі экономикалық және саяси процестерінің бәріде осы қалалармен байланысты. Алматы да сол қатарда.
Бас жоспарға сәйкес, қала халық аралық қаржы және инновациялық, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келеді. Қала басшылығы қазіргі және болашақ Алматылықтардың жақсы өмір сүруі үшін, экологиялық жағымды және әлеуметтік ынғайлы жағдай жасау жолында, небір қилы шешімдер ізденуге мәжбүр. Алматы қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, саяси орталықтандыру принципі енгізілуде, яғни мегаполистің түрлі бөліктерінде көп функцияналды орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дамудың заман-ой тұстары, көлік инфрақұрылымын құруға кешенді түрде қарауға міндеттеп отыр. Республикада алғаш рет көліктің барлық, яғни жер асты, жер үсті және әуе түрін өзара әрекеттестірудің ерекше жүйесі жасалып енгізілуде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Әмір Қуат

Әмір Қуат – ғылым қайраткері, кәсіпкер, музыкант

Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.

Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Еңбек өнімділігін арттыру мәселелері (Алматы облысы материалдары бойынша)

КІPІCПE
«Қaзaқcтaн-2050» Бapлық қaзaқcтaндықтapдың өcіп-өpкeндeуі, қaуіпcіздігі жәнe әл-aуқaтының apтуы» cтpaтeгиялық бaғдapлaмacындa «...ғылымды қaжeт eтeтін, қocылғaн құны жoғapы өндіpіcтepді, coндaй-aқ қызмeт көpceту caлacының үлecін ұлғaйтуғa caятын бeлгілі біp дәйeктіліктің қaжeттігін көpceтіп oтыp» - дeп aтaп өтілгeн. Нapық тaлaбынa caй бәceкeгe қaбілeтті - өндіpіcтік кәcіпopынды қaлыптacтыpу oндaғы өндіpіcті ұйымдacтыpу, жocпapлaу жәнe бacқapу жұмыcтapын ұтымды жүpгізу үшін тұтынушылapдың тaлaбынa caй өнім caпacын көтepу, accopтимeнт түpлepін кeңeйту, пaйдaлaнылaтын pecуpcтың бapлық түpлepін үнeмдeу әдіcтepін жaн-жaқты қapacтыpуды қaжeт eтeді. Бұл әдіcтep кәcіпopын бacшылapы мeн oның ұжымдapының aлдынa қoйғaн мaқcaттapынa жeту жoлындa өндіpіcті ұйымдacтыpу жұмыcтapын жeтілдіpу, жocпapлaудың пpoгpeccивті жoлдapын жәнe бacқapудың oзық үлгілepін қoдaнуғa көмeктeceді 1.
Eңбeк өнімділігін apттыpу жәнe өндіpіcті ұйымдacтыpудың міндeттepінe өндіpіcті ұйымдacтыpу нeгіздepін мeңгepу, өндіpіcтік үpдіcтepді ұйымдacтыpуды жaн-жaқты oқып-үйpeну, кәcіпopынғa қызмeт көpceтуші шapуaшылықтap мeн қocымшa цexтapды ұйымдacтыpуды қapacтыpу, жaңa тexникaны дaйындaу жәнe бacқapу мexaнизмдepін үйpeну мәceлeлepі жaтaды.
Нapықтық қaтынacтapдың тepeңдeуі мeн дaмуының қaзіpгі жaғдaйы өндіpіcті ұйымдacтыpу мeн бacқapудың тeopиялық білім aлу мeн тәжіpибeлік дaғдылapын игepу қaжeттілігін туындaтaды. Экoнoмикaның бapлық caлaлapының кәcіпopындapындa іcтeйтін мeнeджepлep нeгізгі өндіpіcті жәнe өндіpіcтік инфpaқұpылымды ұйымдacтыpу, жocпapлaу қaғидaлapы бoйыншa бacқapaды.
Eңбeк өнімділігін apттыpу, мeнeджмeнттің функцияcы мeн қaғидaлapын oқудың нeгізіндe тepeң тeopиялық білімі бoлуы қaжeт. Кәcіпopындaғы eңбeк өнімділігін apттыpу дeңгeйі нapық жaғдaйындa oның бәceкeгe қaбілeтін aнықтaйды 2.
Біpінші тapaудa eңбeк өнімділігін apттыpу тeopияcы қapacтыpылaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)

Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Анвара Садыкова

Анвара Садықова - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, өнер шебері, педагог, хореограф, қазақ хореографиясын зерттеуші және насихаттаушы.

Оның кәсіби қызметі 2000 жылы басталды. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, А. Селезнев атындағы Алматы хореография мектебінде, Т. Жүргенов атындағы Қазқ ұлттық өнер акаемиясында, Қазақстан Республикасының Болат Аюхановтың басшылығымен мемлекеттік академиялық би театрында жұмыс істеген, 2017 жылдан бастап Астана қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Өмірбаянында түрлі жылдардағы педагогикалық, ғылыми, қойылымдық, ағартушылық және қоғамдық қызметтер біріктірілген.

Анвара Садықова өзінің шәкірттерінің өзіндік қасиеттерін аша алды, олардың көпшілігі айтулы Халықаралық хореографиялық байқаулардың лауреаттары, Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің түрлі балет сахна....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Ол күнгі Алматы

Қара ұрт оны әбден түсінеді. Бірақ көптен көріспегендіктен мынаның қалайша оралдырып жүргенін естімек еді. Өзінікіне ұқсай ма, жоқ па? Соны байқамақ. Сондықтан:

— Шын ба, елуге жете ме? — деді.

— Жетпей қоя ма? Өзің ойлап көр. Охотыға қалай шықтым, солай кем болса бір түс киіз, бір сырмақ, немесе алаша, кілем, не болмаса сандықта жатқан ішік, шапан алам! — деді. "Охоты" деген соңғы айларда бұлардың тілінде ауылға барып, шабуыл жасап қайту мағынасында болатын. Семіз қызылдың бұл айтқаны шын екенін осы Фонтан көшесінің өзі-ақ өн бойында көрсетіп тұр.

Әр көшенің басынан кіре бере, Тәшкен аллеясына шейін байқап отырсаң: әлденеше бақшаларда, немесе тәуір үйлердің терастарында ылғи қызарып, аламыштанып, жарқырай жайылып тұрған қазақы қолды жасауды көресің. Бұл үйлердің бәрі де қала чиновниктері мен көпес, немесе мещан атауының үйлері. Соның кейбірінде әдемі оюлы сырмақ, кейінде шебер кестелі түс киіз, кейінде су жаңа; мұндай қызарғаны жоқ үйлер салам шатырлы, аласа дуалды кедей шоқпыт үйлер ғана. Одан басқаның бәріне қазақ аулынан шыққан жасаулы келіндер түскен дерсің.

Бағанағы шал-кемпірді шошытқан қала бұл күндерде сол айналасын жалмап жұтып, қызара бөртіп тұрған талан-тараж қаласы еді. Семіз қызыл осы жасауларды әлгі чиновник, тілмаш, көпестердің үйіне жеткізіп, арзан қол қып өткізушінің бірі еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Алматы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

Армысыздар құрметті саяхатшылар!
Бүгін біз сіздермен «Тез тур» фирмасы «Алматы-Түркістан» атты экскурсия жүргіземіз. Эскурсия жүргізуші экскурсоводтар Мендебаева Нұргүл, Бейсембаева Мадина және Болыспекова Айжан.
«Гульнар тур» фирмасы арқылы сіздер Қазақстанның көрікті, табиғаты тамаша жерлеріне саяхаттап бара аласыздар. Экскурсиямызды бастамас бұрын біз сіздерге жалпы Қазақстан туралы қысқаша мәлімет бере кетейік.
Қазақстан Республикасы – Орталық Азияда (солт. ендіктен 55 26 -4056 және шығыс бойлықта 45 27  -87 18 алалығында) орналасқан.
Президенттік басқару пішіміндегі мемлекет. Негізгі заңы- 1995 ж. 30- тамызда Заң шығарушылық қызметті жүзеге асаратын жоғары үкілетті органы -4 жыл мерзімге сайланатын Парламент. Ол тұрақты негізде қызмет істейтін қос палатадан –Сенат пен Мәжілістен тұрады. Жоғары атқару билікті Үкімет жүзеге асырады. Қазақстанның жері батыстағы Еділ өзенің төменгі ағысынан шығыстағы Алтай тауларына дейінгі 3 мың км –ды, солт.- гі Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь- Шань таулы жоталарыны дейінгі 1700 км кеңістікті алып жатыр. Шекарысының жалпы ұзындығы 15 мың км, оның 12 мыңы құрлық жер, 3 мың су айдындары өтеді. Жер көлемі 2 млн. 724,9 мың км , яғни аумағы жөнінен әлемде 9-орынды иеленеді. Батысында, солт.-батысында және солт.-де –Ресеймен, оңт. мен оңт. батысында- Түрікменстанда, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, оңт. –шығысы мен шығысында Қытаймен шекараласады. Халқының саны-14,95 млн. адам. Ұлттық құрамы: қазақтар бүкіл тұрғындардың басым көпшілігін, 53,4  құрайды, қалғандары орыстар, украиндер, немістер, өзбектер, татарлар, белорустар....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Алматы Бейжің ынтымақтастығы


19 маусым күні аспан асты елінің өкілдері ынтымақтастық ұсынысының жоспарымен таныстыру үшін оңтүстік астанамызға келді. Алдағы уақытта Бейжің қаласы туризмді дамыту комитеті Қазақстан-Қытай байланысын нығайтып, сауда-саттық пен туризм саласында айтарлықтай жетістікке жетуді көздеп отыр. Іс жүзеге асса, Алматы мен Бейжің арасындағы экономикалық үдеріс жаңаша дами түспек.

Аталған жоспар бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне сай туризм дамып, фармацевтика саласында дəрі-дəрмек өндірудің тиімді жолдары қарастырылады. 2015 жылдың 14 желтоқсанында Бейжің қаласында қол қойылған "ҚР ИДМ мен ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқарма арасындағы қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік сапарын жеңілдету және туристік лектің санын арттыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына" сай жүзеге асады.

Осы уақыт көлемінде Қазақстан-Қытай ішінде бірталай жоспарлар жүзеге асты. Оның ішінде сауда-саттық пен туризм саласы бойынша бірлескен жобалар жетерлік.Келешекте іргелес елдің тың жобасы жүзеге асса, ел тауарларын өзге де аймаққа сатуға жол ашылмақ.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жетінші ноябрь Алматы)

Бәрі де ұнасымды:
Неше тәулік түнерген күн ашылды,
Алаңдарды кернеген сән-салтанат,
Асылып Алатауға құлаш ұрды.
Алқызыл ұрандардан, жалаулардан,
Көшелерде алқызыл алау жанған.
Зиянсыз зеңбіректер атылуда,
Әскери қалашықтан, аландардан. .....
Өлеңдер
Толық
0 0