Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жеңіл атлеттердің дайындық жүйесіндегі қозғалмалы ойындардың ролі

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2 «Алма» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2 «Алма» ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
2.5 Медиа құралдар арқылы тіл дамыту.
1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша кейіпкерлерді атайды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша ұнайтын/ұнамайтын себебін айта алады.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ

Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

Н.Ә. Назарбаев

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы елді елең еткізгені сөзсіз. Бірінші кезекте әрдайым еліміздің тұтастығы мен береке-бірлігіне сызат түспеуін тілейтін жергілікті жұрттың көңіліне майдай жаққан ой-орамдары қалың бұқараның жүрегінің төрінен орын алды. Осыдан болар, Елбасы мақаласы әлеуметтік желіде толқын туындатты. Көркі түзулерді былай қойғанда, бөркі қисайып жүргендердің өзі Президенттің парасатты пайымдарына тәнті болып жатыр. Бұл Елбасы мақаласының әскери тілмен айтқанда, «дәл ондыққа» тигеніне айқын дәлел. Ендеше, соларға кезек-кезек тоқталып өтсем деп едім.

Қазіргі уақытта латын әліпбиіне көшу қарқынды түрде жүзеге асуда. Сөздің тереңіне батпай жатып, дүрлігудің қажеті жоқ. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшелене білетін Елбасымыз еріккеннен латып қарпіне ауысамыз деп жатқан жоқ. Тағылымы мол тарихымызға көз жүгіртер болсақ, бабаларымыз сонау заманнан сол әліпбиді қолданған болатын. Сұм орыстың отарына айналып қана қоймай, тіліміз де орысшаланды, қазақ тілінде екі сөздің басын қоса алмайтын, «мәңгүрттер» көбейіп кетті. Өкінішті... Елбасымыздың бар жеткізгісі келген ойы- түбіміз түркі болған соң, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға қадам жасау, ұлтымыздың санасын тор бұғаудан босатып, санамыздың қайта жаңғыруына жол ашу. Біз бұл арқылы бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ сыйлаймыз, тілімізге екінші дем береміз, арыла алмай келе жатқан жат әріптерден құтылып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттауға мүмкіндік аламыз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату
6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру
Сабақ мақсаттары: І Карл мен ІІ Османның монархия формаларын анықтап, шексіз билеуші монарх бола алмау себептерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын жасау (Жамбыл ауданы Айдарлы ауылы мысал петінде)

Қазақстан шөпті егісті дала қорының көлемі бойынша, дүние жүзінде алтыншы орынды алады. Жайылымдық жерлер шамамен 186млн га жерді алып жатыр (республиканың барлық жер ресурстарының 70%). Жайылымдық жерлер азық жем шөппен,емес және де жабайы аңдарды қамтамасыз етеді. Далалы және таулы аймақтар республикамыздың 180 млн га жерін алып жатыр. Сондықтан Қазақсиан жайылымдық қорларының көлемі бойынша дүние жүзінде (Австралия,РФ,Қытай,АҚШ және Канададан кейінгі) бесінші орында тұр. Республиканың осындай үлкен кең аймақты қамтығандықтан,табиғи ресурстардың алуан түрлерінің бар болуын көрсетеді.
Мысалы Қызылқұмдағы шөлдік жайылымдардан, Алтайдағы шалғындық масиивтердің өсімдік жамылғысының қарқынды түрде өсуінен көруге болады. Осы жерлердің шамамен 10 %ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен,және ауылшаруашылығымен айналысуына берілегн. Халық санағының мәліметтері бойынша жайылымдық жерлерде және шөлді аймақтарда 4-5млн адам тұр ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Алматы қаласының экологиялық болмысы

Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң “ жанар май станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз. Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды. Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады. Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың «еңкейген қарты мен еңбектеген баласына» дейін ат салысу қажет.
Жалпы, Алматы – адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер. Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы – дүние жүзілік тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті. Соның негізінде қала әкімі В.Храпунов мырза өзі бас болып Алматы экологиясына байлансты «таза ауа – жанға дауа». деген ұзақ мерзімді бағдарлама жасаған болатын.
Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі 2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі

Еліміздің «Оңтүстік астанасы» болып саналатын Алматы қаласы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Ол еліміздің қаржы- экономикалық, әлеуметтік - мәдени, ғылыми және саяси орталығы болып табылады.
Алматы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь - Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік - шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700- 900 метр жоғары, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі - қалың ағаш өскен шұрайлы алқап.
Алматы қала маңының әсем табиғаты дүниежүзіндегі кез- келген аймақпен теңдесе алады. Ондағы Медеу спорттық кешені, Түрген шатқалы, Шымбұлақ тау - шаңғы курорты, Алма - Арасан шатқалы, Шарын, Алтын Емел, Көлсай, Алматы мемлекеттік қорығы, Іле Алатауы ұлттық саябақтары бұлар табиғаттың баға жетпес байлықтары.
Мұнда туризмнің көптеген түрлері - тау туризмі, экотуризм, сутуризмі, альпинизм және спорттық көптеген туризм түрлері, ат туризмі, сноуборд, сноутюбинг; шым – шытырық туризм түрлері дамыған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алматы қаласы экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Кіші алматы өзенінің су ресурстары

Қазіргі уақытта Алматы қаласының агломерациясы Қазақстан республикасының экологиялық жағдайы қиын аудандарының қатарына кіреді, мұндағы барлық табиғи орталар топырақ, су, өсімдік, атмосфера улы химиялық заттармен жоғары дәрежеде ластанған, соңғылардың ішінде қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруде ағын суы Алматы қаласының кіші өзендері ерекше көңіл бөлінуде, себебі олар шынайы табиғи сүзгі болып табылады, сондай-ақ, сумен қамту, гидроэнергия, рекреация зоналарында негізгі су көзі ретінде қолданылады.
Өндірістің жоғары дәрежеде шоғырлануы, халықтың тығыз орныласусы, және бір жағынан жалпы үлкен өзендердің әлсіздігі, Алматы қаласы өзендерінің деградациясымен ластануына алып келеді.
Берілген жұмыстың мақсаты Кіші Алматы өзендерінің антропогенді түр өзгерісі дәрежесін анықтау, өзендерді қалпына келтіру және сақтау үшін суды сақтау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқауларды ойластыру болып табылады . ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0