Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты деп хабарлайды Азаттық.
Алматы облысының тұрғыны үнді сериалының кесірінен жұмысынан айырылды. 22 жастағы мейірбикенің телехикаяға есі кеткені сонша, науқастарға қараудың орнына соны көру үшін компьютерге телміріп отырған.
23.11.2015 Алматы. Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы «Астана Моторс» ҚМК мен «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы (ЖҚҚҚ) құрамында «Абай бол» әлеуметтік бастамасының нәтижесін шығарды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған аталған кампания аясында төрт ай бойы түрлі жастағы он мыңдаған алматылықты қамтыған бірнеше жоба жүзеге асырылды.
«Абай бол» бастамасын жүргізу үшін Алматының мақсатты түрде таңдалынып алынғанын атай кету керек, себебі еліміздегі әрбір үшінші дерлік жол-көлік оқиғасы осы қалада тіркеледі. Қазақстан Республикасы.....
О баста түлкінің құйрығы жоқ екен. Қасқыр мен түлкі араз болыпты. Қасқыр қайда барса да түлкінің ізін аңдып, соңынан қалмайды, ұстап алып талап, жей беріпті. Ізін жасыра алмаған түлкі ауыр азап шегіпті. Бір қасқыр тағы да аңдып, түлкінің ізіне түсіпті. Түлкі қашып барып, ініне тығылады. Сол кезде қасқыр да жетіп, түлкі інінің аузын тырмалап, қаза бастапты. Осындай қауіпті алдын ала ойлаған түлкі ініне екі ауыз жасаған екен. Әлгі қасқыр іннің бір аузын қазып жатқанда, түлкі екінші аузынан байқатпай сыртқа шығып кетіпті.......