Алматының бірнеше ауданында белгісіз адамдар тобы полицияға шабуыл жасап, нәтижесінде үш бірдей тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. Сондай-ақ, бір бейбіт тұрғын көз жұмып, бірқатар полицейлер ауыр жараланған.
Алматының "Нұрлы тау" БО тұрағында ерекше жазбасы бар көлік жұртты өзіне қаратты. Онда белгісіз бойжеткен Даник есімді жігітіне аяғы ауыр екенін жазып кеткен.
Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының бірі - өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріледі. Нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орын күздік бидайдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда астық өндірісін қарқындатудағы басты резервтердің бірі – күздік бидайды инновациялық технологиямен өсіру арқылы дән өнімділігін және оның сапасын жоғарылату. Сондықтан аталған мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы, күздік бидайдың жергілікті жағдайға бейімделген жаңа сорттарын аудандастыру және олардың сорттық технологияларын жасау. Соңғы жылдары республика танаптарында жиырмадан астам күздік бидай сорттары себіліп жүр, солардың 50% жергілікті селекция сорттары. Сондықтан, перспективалы күздік бидай сорттарын әртараптандыру аясында өндіріске кеңінен енгізу арқылы стратегиялық маңызды азық-түлік түрінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабы. Осындай өзекті мәселені жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, күздік бидайдың перспективалы жергілікті сорттары шаруашылықтық құнды белгілері бойынша өзара сыналды. Өндірістік тәжірибенің мақсаты күздік бидай сорттарын өсіру арқылы өңірде астық өнідірісін қарқындату. Тәжірибе жүргізілген Қордай ауданы облыстың егіншілікпен айналысатын ірі өңірі. Ауданның топырақ-климат жағдайлары және су ресурстары ауылшаруашылығы дақылдарын тәлімі және суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы. Осыған байланысты, аудан шаруашылықтары жылма-жыл екпе дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыруда. Егер ауданда бүгінгі таңда күздік бидайдың 2-3 сорты өсіріліп жүрсе, оларды перспективалы сорттармен толықтыру арқылы дән өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бар. Жоғары өнімді қарқынды күздік бидай сорттары қатарына Жетісу, Стекловидная 24, Южная 12 және Алмалы сорттарын жатқызуға болады. Сорттардың потенциалды өнімділігі жоғары 70 ц/га дейін сапалы дән қалыптастыра алады. Сондықтан, перспективалы сорттарды өндіріске енгізу және олардың прогрессивтік технологияларын жасау арқылы астық өндірісін қарқындатуға үлес қосу болып табылады. ....