Ақынның қолына қалам алғызып, шабыт беретін ару қыздарымыздың сұлулығы, еркелігі мен наздығы екені рас. Ал сол әдемі шумақтарға композиторлар кереметтей әуендер жазып, орындаушылар қазақ қыздарының сұлулығын жұрт арасында насихаттап жүр. Бүгінде қыздарға арналған әндер аз емес. 8 наурыз қарсаңында сол әндердің бірегейін жинақтадық.
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Ыбырай, Абай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, аса көрнекті қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынов қалдырған тау сілеміндей мол мұра – қазақ халқының басты құндылығы. «Қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты – біз ұмытсақ.....