Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы - 1730) - батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы .....
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Өмірбаяны Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әке-шешесі зейнеткер. Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы "Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау" КМК бастығының орынбасары болған. Ал анасы Алтынай Құнғалиқызы "Қазтамақөнеркәсіп" бөлімінің бастығы - бас маманы қызметін атқарған. Әкесі Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған. Білімі Бауыржан Байбек Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатты тәмамдаған. 1994 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетеді, онда бір жылдай Бремен қаласындағы Гете институтында неміс тілін оқиды. Одан соң Любек қаласындағы Жоғары музыкалық мектепте үш жыл оқиды. 2002 жылы Орталық Азия университетінің халықаралық экономист мамандығы бойынша диплом алады. Саясат ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.....